16:34 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
86700

Air Astana әуе компаниясы 30 маусымнан бастап Ташкент, Алматы және Нұр-Сұлтан арасында әуе қатынасын қайта іске қосады

АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы Алматы арқылы Қазақстан мен Өзбекстан астаналары арасындағы жолаушылар тасымалын жаңғыртып жатыр.
Билеттер әуе компанияның сайтында пайда болды, енді екі ел арасында ұшақтар тұрақты түрде күнделікті ұшатын болады.

Нұр-Сұлтан-Алматы-Ташкент рейсі 30 маусымнан басталады. Билет құны – шамамен 143 доллар (58 мың теңгеге жуық). Алматыдан Ташкентке билет құны бір бағытқа –  шамамен 100-110 доллар (45 мың теңге шамасында). Жолаушылар санитарлық-эпидемиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауы тиіс. Жолаушылар сапардан келгеннен кейін карантинде болуы қажет пе, ол жағы әзірге белгісіз.

Өзбекстан билігі COVID-19 жұқтырған туристерге үш мың доллар көлемінде ақшалай өтемақы төлейтіндерін мәлімдеді.

Жақында республика басшысы "санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздіктің күшейтілген режимі талаптарын қатаң сақтай отырып, туризм саласын дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы" қаулыға қол қойды.

Құжатта Uzbekistan.Safe travel guaranteed ("Өзбекстан. Қауіпсіз саяхатқа кепілдік") туристер үшін санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік жүйесін құру туралы айтылған. Бұл жүйе шетелдік саяхатшылар үшін қауіпсіз ел болуға арналған.

Жоба аясында қауіпсіз туризм қоры құрылды, оны қауіпсіз туризм стандарттарына сәйкес келетін нысандарын сертификаттағысы келетін кәсіпкерлер қаржыландырады.

"Шетелдік турист коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда өтемақы ретінде 3 мың доллар алады. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елінде кеңінен қолданылады. Өзбекстанда "Өзбекстан. Қауіпсіз саяхатқа кепілдік" тізіліміне енген туристік операторлар ғана қызмет көрсете алады. Туристік аймақтардың әкімшілік кеңесін басқару үкімет басшысына тапсырылды", - деп мәлімдеді ұлттық денсаулық сақтау палатасының басшысы Равшан Изамов.

Бұған дейін Өзбекстан билігі туризм саласын үш кезеңде қалпына келтіру жоспарын жариялады.

  • туристік операторлар мен қонақ үйлердің қызметін жүзеге асыруды қамтиды;
  • көршілес елдермен және ТМД елдерімен ұйымдастырылған өңірлік туризмді қалпына келтіру;
  • Өзбекстан пандемия жағдайын ескере отырып, азаматтарға республикаға кіруге рұқсат етілетін алыс шет мемлекеттерден  келуге рұқсат беруді біртіндеп бастайды.

Тақырып бойынша

Тоқаев үкіметке коронавирусқа байланысты шұғыл шара қабылдауды тапсырды
Қазақстандағы тағы бір өңірде карантин күшейтіледі
"Жедел жәрдем үлгермей жатыр": астанадағы жағдай туралы айтылды
"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты
COVID-2019: Нұр-Сұлтанда науқастардың саны үш есеге артты
Кілт сөздер:
әуе қатынасы, Өзбекстан, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып