Қоғам

Коронавирус індетінен тағы 7 науқас көз жұмды

© AFP 2024 / PEDRO PARDOВрачи в защитных костюмах везут тяжелобольного в изоляционном боксе в палату интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врачи в защитных костюмах везут тяжелобольного в изоляционном боксе в палату интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте қайтыс болған науқастардың алтауы Нұр-Сұлтан қаласында, біреуі Қостанай облысында тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирустан тағы жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"1956, 1962, 1967 және 1975 жылы туған ер адам мен 1951 және 1967 жылы дүниеге келген әйел адам Нұр-Сұлтан қаласында, 1949 жылы туған ер адам Қостанай облысында көз жұмды. 

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қазақстан бойынша барлығы 127 адам қайтыс болды.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 38
  • Алматы қаласы – 20
  • Шымкент қаласы – 13
  • Ақмола облысы – 8
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 10
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Түркістан облысы – 8.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша 17 732 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 11 158 науқас аталған індеттен айығып шықты.

Жаңалықтар
0