Қоғам

Тоқаев полицейлердің күрделі міндетінің бірін атады

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев на совещании по программе "Цифровой Казахстан", 04.03.2020
Касым-Жомарт Токаев на совещании по программе Цифровой Казахстан, 04.03.2020 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент пандемияға қарсы күресте полицейлер өздеріне жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келе жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстанның полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Батылдық, адалдық, принципшілдік сияқты қасиеттер – қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігінің кепілі", - деп жазды президент Твиттер парақшасында.

Сонымен қатар, президент құқық қорғаушылар коронавируспен күресте де ерен еңбек атқарып келе жатқанын атап өтті.

"Сіздер пандемияға қарсы күрес секілді қиын-қыстау кезеңде де өздеріңізге жүктелген күрделі міндеттерді адал атқарып келесіздер. Барша полиция қызметкерлеріне зор денсаулық, бақ-береке, табыс тілеймін!", - деді мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Полицейлер аулада ардагерлерге концерт ұйымдастырды - видео

Айта кетейік, 2007 жылдың 5 маусымында Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз жарлығымен 23 маусымды – Полиция күні деп бекітті.

Жаңалықтар
0