17:39 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1126)
4326 0 0

Ауру ағзаға енген соң алғашқы үш күнде дене қызуы көтерілуі мүмкін, осы уақытта дұрыс тамақтанып, суға түспей, бар күшін вирусты жеңуге жұмсау керек

АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Қазақстанның жұқпалы аурулар бойынша жетекші маманы Динагүл Баешева коронавирус жұқтырған адамның иммунитеті мықты болса, 6-7 күнде ауруды жеңуге болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Инфекционист коронавирус диагнозы қойылған адамдарды қайтты уайымға салынбауға үндеді.

"Вирус адам ағзасына кіргеннен кейін, инкубациялық кезең, яғни вирустың адам ағзасында көбею үдерісі басталады. Ол 14 күнге дейін созылады. Ауырған адам 14 күн оқшаулану керек дейтініміз осымен байланысты. Аурудың алғашқы кезеңі – вирустың ағзаға тарайтын уақыты. Ол 5 күнге созылады. Одан кейін ауру дамып, асқыну кезеңіне келеді", - деп түсіндірді Баешева.

Оқи отырыңыз: Күн көзі коронавирусты өлтіре ме – қазақстандық инфекционист жауап берді

Айтуынша, ауру пайда болғанда адамның дене қызуы көтеріліп, буындар сырқырайды, жөтел қысып, бас ауырады. Иіс пен дәм сезбей қалады.

"Коронавирус диагнозы қойылды дегеннен шошып, қорықпау керек. Қазір бұл жай тұмау тәрізді бүкіл жерге тарап кетті, одан қорқатын ештеңесі жоқ. Аман-есен жазылып шығу үшін оқшаулануға тырысу керек. Басқа адамдармен байланысқа түспей, санитарлық-гигиеналық нормаларды ұстану қажет", - дейді Баешева.

Инфекционистің айтуынша, дене қызуының көтерілуі – адамның вирусқа қарсы тұратын күші. Ауру ағзаға енген соң алғашқы үш күнде дене қызуы көтерілуі мүмкін, осы уақытта дұрыс тамақтанып, суға түспей, бар күшін вирусты жеңуге жұмсау керек.

"Егер адамның иммунитеті мықты болып санитарлық-эпидемиологиялық шарттарды орындаса, көп болса 6-7 күнде жазылып шығады. Алайда адам инкубациялық кезең аяқталғанша өзін оқшаулауы қажет", - деп түсіндірді жұқпалы аурулар бойынша жетекші маман.

Оның түсіндіруінше, егер дене қызуы бірнеше күн бойы түспей, әлсіздік пен ентікпе пайда болса, жедел жәрдем шақырып, дәрігерге қаралу қажет.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1126)

Тақырып бойынша

Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады
Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты
Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді
Атырауда үш жасар қыздың коронавирусты қалай жұқтырғаны анықталды
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып