14:14 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (482)
546 0 0

Мемлекет басшысының айтуынша, ең жаман жағдайдан да пайданы алып шығуға үйрену керек және әрбір дағдарыста жаңа мүмкіндік бар

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев карантин шараларын күшейтудің себебін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Төтенше жағдай режимін алып тастағаннан кейін біз босаңсып кеттік. Оны мойындауымыз қажет. Кейбір адамдар және мемлекеттік қызметкерлер қауіпті кезеңнен өттік деп ойлап қалды. Қауіп-қатерге дұрыс баға берілмеді. Медициналық ережелер сақталмай кетті", - деді Тоқаев "Біз Біргеміз" онлайн-форумында.

Президент халық арасында "ауру мүлдем жоқ" деген қауесетке сенетін адамдардың бар екенін де жеткізді.

"Алайда, COVID-2019 әлі күнге дейін үлкен қауіп төндіріп отыр. Сол себепті үкімет карантин шараларын қайтадан күшейтті. Дегенмен, бұның бәрі түңілуге немесе депрессияға түрткі болмауы керек. Біз толыққанды өмір сүруді жалғастыруымыз қажет", - деп атап көрсетті Тоқаев.

Осы орайда президент карантиннің пайдасын ұмытпау қажеттігін еске салды. Себебі бүгінде көптеген адамдар карантин кезінде отбасымен жақын араласа бастағанын және балаларға көбірек көңіл бөліп отырғанын жиі айтады.

Оқи отырыңыз: "68-де болсам да, өлген жоқпын": мәжіліс депутаты жүгірудің пайдасы туралы айтты

"Суретшілер, музыканттар, жазушылар мен ақындар карантин кезінде шығармашылықпен тығыз айналысқанын айтады. Басқа сөзбен айтқанда, ең жаман жағдайдан да пайданы алып шығуға үйрену керек. Әрбір дағдарыста жаңа мүмкіндік бар. Біз бәріміз бірге осы дағдарысты еңсеріп, одан жаңа көзқараспен шығамыз. Ең бастысы, бұл сынақтан өтетенімізге сену керек", - деді Тоқаев.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (482)

Тақырып бойынша

Суға салып, шомылу керек: дәрігер жалбыздың біз білмейтін пайдасы туралы айтты
Ғалым сарысудың адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін айтты
ЕАЭО зейнетақы келісімі. Одақ азаматтарына қандай пайдасы бар?
Әлемге әйгілі әнші карантиннің қандай пайдасы бар екенін айтты
Әлемдік азық-түлік экспорты: шектеу енгізудің зардабы мен пайдасы қандай?
Кілт сөздер:
коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып