14:39 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1052)
877 0 0

Компьютерлік томография мен коронавирусқа ПТР тест тапсыру емхана жолдамасы болған жағдайда тегін жүргізіледі

АЛМАТЫ, 23 маусым – Sputnik. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров ауру белгілері жоқ науқастарға не істеу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Надыровтың айтуынша, ауру белгілері жоқ науқастар мен ауру жеңіл өтіп жатқан тұрғындарға бастапқы медициналық-санитарлық қызмет, оның ішінде учаскелік дәрігер "жолсерік" болады.

"Диагностикаға қатысты барлық сұрақ, оның ішінде ПТР тест тапсыру немесе компьютерлік томография жасату учаскелік дәрігермен бірлесіп шешілуі тиіс. Науқас өз емханасына телефон арқылы немесе байланыс орталығына хабарласуы қажет", - деп түсіндірді Надыров.

Басқарма басшысының айтуынша, компьютерлік томография мен коронавирусқа ПТР тест тапсыру емхана жолдамасы болған жағдайда тегін жүргізіледі.

"Қызмет көрсетуді куәландырған жағдайда науқасқа аталған қызметтер тегін көрсетіледі. Өкпенің компьютерлік томографиясы – бұл өте маңызды диагностикалық зерттеу. Оның белгілі бір сәулелік салмағы бар. Сондықтан нақты көрсеткіштерді анықтап алу және компьютерлік томографияға қарсы көрсеткіштерді анықтау өте маңызды. Бұл мәселенің барлығы учаскелік дәрігермен бірге шешілуі тиіс", - деді ол.

Айта кетейік, Алматыда компьютерлік томография жүргізуге болатын 12 жер бар. Бұл қызметті көрсететін мекемелер коронавирус инфекциясы расталған науқастарды қабылдау және ауру белгілері ұқсас науқастарды қабылдау үшін бөлек уақыт бөліп отыр.

Сондай-ақ, қала тұрғындары 3000-103  нөмірі арқылы байланыс орталығына және 8 777 8888 103 Whatsapp нөміріне хабарласа алады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1052)

Тақырып бойынша

Атырау облысында бес әйел коронавирустан қайтыс болды
Коронавирусты неше күнде жеңуге болады – маман пікірі
Алматыдағы спорт кешендері инфекциялық госпиталь ретінде қолданылады
Коронавирусты аллергиядан қалай ажыратуға болады – инфекционист жауап берді
Карантиннің пайдасын ұмытпауымыз қажет – президент
Кілт сөздер:
науқастар, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып