Қоғам

Қазақстанда коронавирустан көз жұмғандар саны көбейіп жатыр

© REUTERS / AMANDA PEROBELLIВрач в защитном костюме и маске работает с документами на сестринском посту в больнице с коронавирусом
Врач в защитном костюме и маске работает с документами на сестринском посту в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен тәулікте COVID-19 дертінен Ақмола облысында төрт науқас, Алматы қаласында үш адам бақилық болды

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмғандар саны 134 адамға жетті, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Өткен тәулікте қайғылы жағдайлар Ақмола облысы мен Алматы қаласында тіркелді.

"1953, 1931 жылы туған ер азамат пен 1963 және 1952 жылы дүниеге келген әйел Ақмола облысында, 1951, 1928 және 1936 жылы дүниеге келген әйел адамның Алматы қаласында қайтыс болғаны анықталды. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан көз жұмған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 38
  • Алматы қаласы – 23
  • Шымкент қаласы – 13
  • Ақмола облысы – 12
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 10
  • Қостанай облысы – 3
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Түркістан облысы – 8.

Айта кетейік, Қазақстанда 18 765 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып, 11 514 науқас жазылып шықты.

Жаңалықтар
0