17:13 09 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.98
  • EUR462.21
  • RUB5.75
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2578 0 0

Ресейдің астанасы Мәскеу қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанның әскерилері Жеңістің 75 жылдығына арналған парадта Қызыл алаңмен жүріп өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әскерилердің мерекелік топтары алфавит тәртібімен өтті. Үндістаннан кейін Қазақстанның 36-шы десанттық-шабуылдаушы бригаданың әскерилері Қызыл алаңмен жүріп өтті. Оларды бригада командирі, подполковник Ұлан Нұрғазиев бастап шықты. Ал диктор қазақстандық әскерилерді "Республиканың Қарулы Күштерінің үздік құрылымы" деп таныстырды.

Президент Казахстана посетил военный парад по случаю 75-летия Победы
© Официальный сайт Президента РК /
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс парадында қазақстандық әскерилерге орнынан тұрып құрмет көрсетті

Мерекелік топ Қызыл алаңмен жүріп өткенде мінберде отырған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрып, қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті.

Айта кетейік, Қазақстанның қарулы күштерінің десанттық-шабуылдаушы әскерінің сарбаздары Жеңіс парадына алдын ала барған. Оларды Құрлықтағы әскерлердің бас қолбасшысының әскери дайындық жөніндегі орынбасары, генерал-майор Дәулет Оспанов бастап барды. Мәскеуге шығардың алдында барлығы карантинде отырып шықты.

Салтанатты шараға Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та қатысып отыр. Оған ресейлік әріптесі Сергей Шойгу арнайы шақыру жіберген. Ал Қазақстан президентін Ресей басшысының шақыруымен барды.

Тақырып бойынша

Жеңіс парадына ҰҚШҰ қорғаныс ведомстволарының мерекелік топтары қатысып жатыр
Мәскеуде Қызыл алаңда Жеңіс парады өтті - видео
Путин парадқа дейін Тоқаевпен сөйлесті
Кілт сөздер:
әскери парад, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып