Қоғам

Тұрғындар қорқып қалған: Арыста оқ-дәріні жару қай кезде жүргізіледі

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской области Пункты сбора эвакуируемых из города Арысь
Пункты сбора эвакуируемых из города Арысь - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазірге кезде Арыстағы қоймаларда 12 500 тонна оқ-дәрі сақталған. Олар жаңа екі қойманың құрылысы біткеннен кейін, сол жерге тасымалданады

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Арыс қаласында оқ-дәріні жою жұмыстары тек жұмыс күндері – дүйсенбі мен жұма аралығында жүргізіледі. Бұл туралы Қарулы күштер оқ-дәрілер бас басқармасы оқ-дәрілерді есепке алу және қамтамасыз ету басқармасының бастығы Нұралихан Асанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Арыстағы жарылысқа арналған онлайн брифингте БАҚ өкілдері оқ-дәріні жою жұмыстары қай күндері жүргізілетінін сұрады. Айтуынша, Арыс тұрғындары жарылыс даусынан қорқып қалған.

"Жару жұмыстары тек жұмыс күндері – дүйсенбі мен жұма аралығында күніне екі рет сағат 12.00 мен 16.00-де жүргізіледі", - деді Асанов.

Ол жару жұмыстары туралы БАҚ арқылы халыққа алдын ала хабар берілетінін айтты.

Асановтың айтуынша, қазір Арыстағы қоймаларда 12 500 тонна оқ-дәрі сақталған. Олар республика аумағында жаңа екі қойманың құрылысы біткеннен кейін, тез арада соған тасымалданады.

Арыстағы жарылыс

2019 жылдың 24 маусымында таңғы сағат 10.00 шамасында Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болды. Қала тұрғындары Шымкент пен көршілес аудандарға шұғыл көшірілді.

Төтенше жағдай салдарынан төрт адам қаза тапты: екі әскери қызметкер, бір жергілікті тұрғын және бір бала. Жарылыстан зардап шеккен бала санавиациямен Нұр-Сұлтан қаласына жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Оқи отырыңыз: Арыс оқиғасы: министр "табиғи нәрсе" деген сөзді дұрыс аудармағандарға шүйлікті

Ал 11 қазанда Арыс маңындағы полигонда оқ-дәрілердің жиналған бөлшектерін жою жұмыстары кезінде әскери бөлім инженерлік қызметінің басшысы көз жұмды.

Арыс Шымкенттен 85 шақырым және Түркістаннан 168 шақырым жерде орналасқан, халық саны – 45 мың адам.

Жаңалықтар
0