15:57 28 Қыркүйек 2020
Тікелей эфир
  • USD426.32
  • EUR496.41
  • RUB5.50
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1541)
409 0 0

Өткен аптадан бастап астаналықтар дәріханалардан вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктерді түгел сатып алған

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Халықтың дүрлігуінен кейін Нұр-Сұлтанның дәріханаларында дәрігердің рецептінсіз сатылатын препараттарды сатуға лимит қойылады. Бұл туралы елорданың фармацевтика қауымдастығының директоры Гүлнарай Әлмурзина мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

"Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттарды, азитромицин антибиотиктерін түгел сатып алды. Біз талдау жүргізіп, 41 дәрі-дәрмектің атауы көрсетілген кесте құрдық", - деді Әлмурзина.

Айтуынша, дәрігердің рецептінсіз сатылатын препараттарды реттеу туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданған.

"Ол жерде халыққа қанша дәрілік препарат сатуға болатыны жазылады. Ал рецепт бойынша сатылатын дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен  беріледі", - деп нақтылады ол.

Тағы оқыңыз: Коронавирусқа қарсы дәрілердің тізімі - нені білу керек

Сонымен бірге, Әлмурзина дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектің тапшылығын ескеріп, дәріханаларда балама нұсқалары бар екенін айтты.

Олар: "Панадол", "Эфералган", "Ибупрофен", "Ибуфен", "Миг" және "Новиган".

Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілерінің басшыларымен онлайн-жиын өткізді. Ол дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруды тапсырды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1541)

Тақырып бойынша

Коронавирус белгілері байқалмайтын науқастар не істеуі қажет – Надыров жауап берді
Коронавирустан дәрі-дәрмексіз емделуге болады – инфекционист кеңес берді  
Қазақстандағы коронавирус генетикалық жағынан өзгерді – маман пікірі
Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Кілт сөздер:
дәріхана, дәрі-дәрмек, коронавирус, Нұр-Сұлтан
Загрузка...

Басты тақырып