Қоғам

Нұр-Сұлтанда науқастар саны үш есеге өсті – Сәуле Қисықова

© AFP 2024 / KAREN MINASYANВрач в защитном костюме и перчатках поправляет лицевую маску у больницы с коронавирусом
Врач в защитном костюме и перчатках поправляет лицевую маску у больницы с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде жұқпалы және провизорлық стационарлар 1 351 орынға ұлғайтылып, қосымша 830 төсек-орын ашылды

АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда тәулігіне пневмониямен ауыратын науқастар саны 600 адамға дейін өсті. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Күніне коронавирус инфекциясымен және пневмония диагнозымен 350-400  адамға жуық науқас ауруханаға жатқызылады. Жұқпалы және провизорлық ауруханаларда екі жарым мың адамға жетті. Ішінде науқастардың 9%-і ауыр және өте ауыр жағдайда жатыр, қалған 91%-і орташа жағдайда.

"Соңғы аптадағы деректер науқастардың саны үш есеге өскенін көрсетеді. Реанимация бөлімінде 103 адам жатқан болса, олардың 55-і коронавирус инфекциясын жұқтырып түскен. 22 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған", - деді Қисықова.

Ал қалада қайтыс болған 38 адамның 70%-і 60 жастан асқан адамдар.

Сонымен қатар қалада тәулігіне пневмониямен ауыратын адамдар саны 600-ге дейін өсіп отыр. Бұған дейін тәулігіне 80 жағдай тіркеліп келген болатын. Қазір аптасына 7,5 есеге дейін жоғарылау байқалады.

Ауруханалардың жұмыс жүктемесі 79%-ті құрайды

Қисықованың түсіндіруінше, 12 маусымнан бастап жұқпалы және провизорлық стационарлардағы төсек-орын саны 1 351 орынға ұлғайтылған. Соңғы үш күнде қосымша 830 төсек-орын ашылды.

"Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың базасында тағы 200 инфекциялық төсек-орын ашылады. Осылайша, корнавирус инфекциясымен күресуге 3 135 төсек-орынмен қамтамасыз етеміз. Оған 12 денсаулық сақтау ұйымы жұмылдырылған", - деп толықтырды ол.

Бұл қаладағы төсек-орынның 54%-ін құрайды. Қазір жұқпалы және провизорлық ауруханаларда жұмыс жүктемесі –  79%.

Оқи отырыңыз: Қандай жағдайда тест теріс нәтиже көрсетсе де, коронавирус диагнозы қойылады?

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 19 285 адамға жетті, 11 882 адам жазылып шықты, 136 адам қайтыс болды. Ауру белгісі жоқ 12 677 адам тіркелді.

Жаңалықтар
0