Қоғам

Президент сырттағы біреулердің арандатуына еретін қазақстандықтарды сынады

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақ елі алаңындағы митинг
Қазақ елі алаңындағы митинг  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев кейбір азаматтардың митингіге шетелдіктер мен кәмелетке толмаған балалардың қатысуын талап етуін шектен шыққандық деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елде белең алған "митингшілдік" халықаралық аренада Қазақстанды ыңғайсыз жағдайға қалдырып отырғанын мәлімдеді.

"Соңғы кездері елімізде "митингшілдік" белең алуда. Көбінесе азаматтарымыз сырттағы біреулердің арандатушылық ұрандарына еріп жүр. Бұл – аймақтық бәсекелестік күшейіп келе жатқан халықаралық аренада Қазақстанды ыңғайсыз жағдайға қалдырып отыр", - деді ел президенті "Ана тілі" басылымына берген сұқбатында.

Сондай-ақ, Тоқаев халықаралық құқық қорғау ұйымдарынан грант алатын кейбір азаматтардың митинг туралы заңды негізсіз сынайтынын айтты.

"Олардың пікірінше, Қазақстанда "Митингке қашан шығамын? Кіммен шығамын және қай жерде өткіземін? Яғни өзім білем" деген жүгенсіздік қағидаты болуы керек екен. Әсіресе солардың митингіге шетел азаматтары мен кәмелетке толмаған балалардың қатысуын талап етуін шектен шыққандық деп санаймын. Олардың ойы белгілі. Ондай адамдарға тыныштық пен тұрақтылық қажет емес. Ал біз қарқынды дамыған, татулығы жарасқан Тәуелсіз Қазақстанды сақтауымыз керек", - деді мемлекет басшысы.

Тағы оқыңыз: "Ол кезде мені қолдамады": Тоқаев 12 жыл бұрынғы болжамы дәл келгенін айтты

Ол халық ең алдымен ел іргесінің беріктігін терең жауапкершілікпен сезінуі керектігін атап өтті. Ал мемлекет өз азаматтарының заңды талаптарына құлақ асуға, қаржылық және құқықтық мүмкіндіктер аясында оларға жәрдем беруге міндетті.

Тоқаевтың пікірінше, жастар үшін әлеуметтік лифт орнықтырып, мемлекеттік басқару ісіндегі және идеология саласындағы қателіктерді дер кезінде түзесе, сөзсіз әділдік орнайды.

"Сонда митингтің де қажеті болмай қалады", - деді президент.

Ол жуырда қабылданған "Бейбіт жиындар туралы" заң Қазақстандағы демократияны ілгерілету үшін жасалған маңызды қадам деп санайды.

Жаңалықтар
0