Қоғам

Парламент сессиясының жабылуы қашан өтетіні белгілі болды

© Sputnik / Абзал Калиев Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступает на совместном заседании палат парламента
 Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступает на совместном заседании палат парламента - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс төрағасы қол қойған өкімде парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусым күні өтеді деп көрсетілген

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің өкіміне сәйкес, парламент палаталарының бірлескен отырысы 30 маусым күні өтеді, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 30 маусымда сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған өкім мәтінінде.

Айта кетейік, 22 маусымда парламентте палаталардың бірлескен отырысы өтіп, онда үкімет пен есеп комитетінің 2019 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі тыңдалды. Жабық жағдайда өткен отырыстың онлайн-трансляциясы ұйымдастырылған жоқ.

Оқи отырыңыз: Нығматулин парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

Ал бейсенбіде, 25 маусы күні сенаттың алтыншы шақырылымдағы бесінші сессиясының қорытынды пленарлық отырысы өтті.

Жаңалықтар
0