Қоғам

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустан 7 науқас көз жұмды

© REUTERS / YVES HERMANСотрудница лаборатории в защитном костюме проводит исследования
Сотрудница лаборатории в защитном костюме проводит исследования - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус індетінен қайтыс болғандар саны 147 адамға жетті. Оның ішінде 45 қайғылы жағдай елордада тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Нұр-Султан қаласында коронавирус індетінен 7 науқас көз жұмды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Бес ер адам – 1961, 1941, 1959, 1946 және 1951 жылы туған, екі әйел 1971 және 1958 жылы дүниеге келген.
"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 45
  • Алматы қаласы – 26
  • Шымкент қаласы – 13
  • Ақмола облысы – 13
  • Ақтөбе облысы – 1
  • Атырау облысы – 3
  • Шығыс Қазақстан облысы – 1
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 10
  • Қостанай облысы – 3
  • Қызылорда облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Түркістан облысы – 8.

Айта кетейік, республика бойынша 19 750 коронавирус инфекциясын жұқтырғаны анықталды. 12 220 науқас аурудан жазылып шықты.

Жаңалықтар
0