13:22 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1100)
2463 0 0

Елорда мен республиканың жеті өңірінде демалыс күндеріндегі карантин шаралары қатаңдату туралы шешім қабылданған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа денсаулық министрі Алексей Цойға COVID-19-бен күресудің қосымша шараларын әзірлеуді тапсырды.

"Үкіметке және Денсаулық сақтау министрлігінің жаңа басшылығына келесі аптада коронавирус жағдайын тұрақтандыру, оның одан әрі таралуына жол бермеу, ауруханалар мен емханалардағы азаматтарға көрсетілетін қызметті жақсарту жөнінде қосымша шаралар әзірлеп ұсыну тапсырылды", -деп жазды ол өзінің Twitter парақшасында.

Кеше, 25 маусым күні денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов отставкаға кеткен болатын. Премьер-министр ведомствоның жаңа басшысы Алексей Цойды таныстырды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары қызметіне Марат Шоранов тағайындалды.  Ал вице-министр Лязат Ақтаеваның орнына үкімет қаулысымен Ажар Гиният тағайындалды.

Айта кетсек, елорда мен республиканың жеті өңірінде алдағы демалыс күндерінде карантин шаралары қатаңдату туралы шешім қабылданды.

26 маусымдағы ақпарат бойынша елде 19 750 адам коронавирус жұқтырған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1100)

Тақырып бойынша

Қазақстанның тағы бір қаласында қатаң карантин енгізіледі
Карантиннің қиындығы: Алматыда қосымша шектеулер енгізіледі
Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі ауысты
Үшеуі де қайтыс болды - Көкшетауда коронавирус жұқтырған отбасы туралы айтылды
"Осы жолы басқаша": алматылықтар демалыста табиғатқа шыға ала ма?
Кілт сөздер:
коронавирус, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып