19:12 16 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR468.66
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
232 0 0

Мемлекет басшысы атынан табысталатын наградалар бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесіне орайластырылған

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Ақорда Қазақстан президенті атынан сыйлық пен награда алған журналистердің есімін жариялады. 

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуындағы БАҚ-тың рөлі маңызды екені аталып өткен.

Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:

  • Қуатов Дәурен Қасенұлына – "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторына, мемлекет басшысының қызметін белсенді әрі жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;
  • Қыдырәлі Дархан Қуандықұлына – "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасына, қазақтілді бұқаралық ақпарат баспасөз құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
  • Сарыбай Серік Әбікенұлына – "Жетісу" телеарнасының директорына, Қазақстан журналистикасының және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін;
  • Трухачев Александр Владимировичке – "Хабар" телеарнасының талдамалық бағдарламалар бөлімінің шеф-редакторына, отандық тележурналистиканың дамуына қосқан үлесі үшін беріледі.

Президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:

  • Әшім Альбинаға – QAZAQSTAN ұлттық телеарнасының тілшісіне, қазақстандық телевизияның дамуына қосқан үлесі үшін;
  • Мадиярова Мақпал Бақытбекқызына – "Хабар" телеарнасы  талдамалық бағдарламалар бөлімінің тілшісіне, Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін жариялап-көрсеткен ақпараттық-талдамалық қызметі үшін;
  • Нұрышева Маржан Еркімбекқызына – Semei телеарнасының редактор-тележүргізушісіне, Қазақстанның өңірлік саясатын тиімді ақпараттық сүйемелдеуге қосқан үлесі үшін;
  • Смайлов Жандос Мейірбекұлына – "Азаттық рухы" ақпарат агенттігінің шығарушы редакторына, интернет-кеңістікте ақпаратты жариялап-көрсетуді ілгерілетуге қосқан үлесі үшін тапсырылады.

Сондай-ақ, президенттің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы"Ана тілі" газеті, "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттігі, "Казахстанская правда" республикалық газеті және QAZAQSTAN ұлттық телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының шығармашылық ұжымына берілді.

Мемлекет басшысы өзінің Twitter-дегі парақшасында БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен құттықтаған болатын. 

​Айта кетсек, өткен жылдың маусым айында Тоқаев БАҚ-тың жеке кәсіби мерекесін бекітуді тапсырған болатын. Енді 28 маусым күні байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің мерекесі емес, жеке БАҚ өкілдерінің мерекесі ретінде аталып өтеді.

Тақырып бойынша

Министр БАҚ өкілдерінің дара қасиетін атады
Атырауда журналистер ұсталды - телеарна ресми мәлімдеме жасады
Бейсен Құранбек атындағы сыйлықтың жеңімпаздары анықталды
"Уайымдап жүр" Дәленов журналистерге ұрсып тастаған орынбарасы туралы айтты
Қазақстанда журналистердің құрметіне жаңа аллея ашылды
Кілт сөздер:
журналистика, сыйлық, президент
Загрузка...

Басты тақырып