12:57 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1149 0 0

Енді Қылмыстық кодекстегіжала жабу туралы 130-бап әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ауыстырылды

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "жала жабу" бабын қылмыстық сипаттан арылтуға қатысты тапсырма берген болатын. Кейін парламент тиісті құжатты қабылдады.

Сонымен қатар, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік топтық немесе діни араздықты қоздыру үшін жауапкершілікті көздейтін Қылмыстық кодекстің 174-бабына да түзетулер енгізілді.

Атап айтқанда, "қоздыру" сөзі "тұтандыру" сөзімен алмастырылады. Айыппұл жазаның баламалы түрі ретінде енгізіледі.

Сонымен қатар, заң жобасында азаматтардың шетелге шығу жөніндегі Конституциялық құқықтарын қорғау мәселесі қозғалған. Мәжілісмендер  елден шығуға уақытша шектеу қою мерзімін, тәртібі мен негіздерін, оның күшін жоюды қайта қарауды ұсынып отыр.

Бұдан бөлек, өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған, жеке сот орындаушысының ағымдағы шотында уақытша жатқан ақшаны қорғауға бағытталған нормалар енгізілді.

Тақырып бойынша

Ақорда президент қол қойған заң жарлығын жариялады
14 еркек зорлағанын айтқан қызды жала жапты деп айыптап жатыр
Түркістанда үш әйел бүтін бір отбасына коронавирус жұқтырды деп жала жапты
Мұғалім ауыл тұрғындарына коронавирус жұқтырды деп жала жапқан  
Оралда жантүршігерлік қылмыс жасағандар ұсталды
Кілт сөздер:
заң, Қасым-Жомарт Тоқаев, қылмыс, жала
Загрузка...

Басты тақырып