15:25 12 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1161)
3393 0 0

Модульді жұқпалы ауруханасы адамдардың өлім мен өмір арасындағы арпалысына толы. Дәрігерлер өте қиын жағдайда жұмыс істеп жатыр, себебі ол жерде COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар жатыр

АЛМАТЫ, 27 маусым – Sputnik. Коронавирус пандемиясының таралуына байланысты Алматыда 18 күн ішінде жаңа модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынды. Ол жерде Covid-19 инфекциясын жұқтырған жағдайы ауыр және орташа ауырлық деңгейіндегі науқастар емделеді. Модульді аурухана Алатау ауданында орналасқан.

Больница расположена в живописных местах на фоне Заилийского Алатау
© Sputnik / Тимур Батыршин
Аурухана Алатау ауданында Боралдай зиратының жанында орналасқан

Аурухана қалай жабдықталған

Аурухана мен зираттың арасы жақын болғаны секілді аурухана қабырғасында да күн сайын өлім мен өмір арасында арпалыс. Дәрігерлер күн-түн демей науқастардың өмірі үшін күресіп жатыр. Аурухана 280 адамға арналған, қазір ол жерде 200-ге тарта адам емделіп жатыр. Нысан ішінде 6 клиникалық бөлім, жансақтау мен қабылдау бөлімі бар.

  • В госпитале работают шесть отделений. Войти туда можно только в защитных костюмах
    Нысан ішінде 6 клиникалық бөлім, жансақтау мен қабылдау бөлімі бар
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • В каждом отделении есть комнаты для врачей, где они могут отдохнуть и поесть
    Сонымен қатар аурухана "таза" және "лас" аймаққа бөлінген, "таза" аймақта қызметкерлер тамақ ішіп, демалады
    © Sputnik / Тимур Батыршин
  • В госпитале шесть клинических отделений, отделение реанимации и десять одноместных палат с отдельным выходом на улицу
    Аурухана 280 адамға арналған, қазір ол жерге 200-ге тарта адам емделіп жатыр
    © Sputnik / Тимур Батыршин
1 / 3
© Sputnik / Тимур Батыршин
Нысан ішінде 6 клиникалық бөлім, жансақтау мен қабылдау бөлімі бар

Сонымен қатар аурухана "таза" және "лас" аймаққа бөлінген, "таза" аймақта қызметкерлер тамақ ішіп, демалады. "Лас" аймаққа тек обаға қарсы қорғаныс киімімен, арнайы көзілдірік, резеңке аяқкиім киіп, берпердемен ғана кіруге болады. Ол аймаққа бөтен адамдарға кіруге рұқсат етілмейді. 

Аурухана ішінде қызметкерлерге арналған демалыс бөлмелері бар, таза аймақтың өзіне ПТР тест тапсырмаған кісіге кіруге болмайды. Сонымен қатар ауруханада төрт зертхана, компьютерлік томография, рентген, эндоскопиялық жабдықтар мен УДЗ және электрокардиография жасауға арналған кабинеттер бар. Жансақтау бөлімінде 28 жасанды тыныс алу аппараты орнатылған.

Алғашқы науқасты қабылдаған дәрігер

"Коронавирус Қазақстан азаматтарынан табыла бастаған кезде отбасымызға, балаларымызға жұғып кетпеу жағын ойлап, үйге бармадық. Қазір инфекция тарап кетті, олар да көп адаммен байланысқа түседі. Енді олардан өзіміз жұқтырып аламыз ба деп уайымдаймыз, себебі бізді ауруханада қаншама науқас күтіп отыр. Сол себепті қонақүйде тұрып жатырмыз",  - дейді Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Утағанов.

Заместитель главного врача Городской инфекционной больницы Алматы Бакыт Утаганов
© Sputnik / Тимур Батыршин
Жекенов атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Бақыт Утағанов "лас" аймақтан шыққан соң Sputnik Қазақстан тілшілеріне сұхбат берді

Дәрігердің айтуынша, қазір ауруханада 200-ден астам пациент жатыр, оның 95%-іне пневмония диагнозы қойылған. Бұл жерде коронавирустың жеңіл түрімен ауырып жатқандар жоқ.

Бақыт Утағанов – Қазақстанда коронавирус табылған алғашқы науқасты қабылдаған дәрігер, ол сол күн әлі де болса есінде екенін айтты. Ал модульді ауруханада жұмыс істеп жатқанына бір жарым апта болды. 

"Соңғы уақытта жағдайы ауыр немесе орташа ауыр жағдайдағы пневмониясы бар науқастар түсіп жатыр, оларда ентігу бар. Ішінде 5-10%-інің жағдайы ауыр. Бұл көрсеткіш күн сайын өзгеріп отырады", - дейді Утағанов. 

Ауруханада 100-ге жуық медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр, оның 30%-і күндіз жұмыс істесе, қалған мамандар түнгі ауысымға үш күн сайын кезекшілікке шығады. 

При входе в грязную зону медики обязательно надевают специальные противочумные костюмы
© Sputnik / Тимур Батыршин
Ауруханадағы лас аймаққа тек қорғаныс киімімен ғана кіруге болады

"Науқас ауруханаға түскен кезде біздің қызметкерлер міндетті түрде қорғаныс киімдерін киеді. Науқас ауруханаға түсер алдында жедел жәрдем бригадасы ол кісінің жағдайы қандай, ауыр ма, әлде орташа ма – бәрін хабарлайды. Реанимацияны, жасанды тыныс алу аппаратын дайындау қажеттігі алдын ала нақтыланады. Соған байланысты қызметкерлер дайын отырады", - дейді дәрігер.

Перед входом в опасную зону врачи полностью обрабатывают себя дезраствором
© Sputnik / Тимур Батыршин
Инфекциялық аурухана қызметкерлері науқасты күтіп алуға тыңғылықты дайындалады

Алайда науқас ешқандай қорғаныс киімін кимейді, себебі, біріншіден, ол вирус жұқтырған. Екіншіден, науқас қорғаныс киімін кигенде немесе маска, респиратор таққан жағдайда вирус әрі қарай өзіне таралуын күшейтіп, ауыр пневмония пайда болады.

Науқастар масканы тек далаға шыққан кезде ғана тағады, себебі бір бөлімнен екінші бөлімге дала арқылы барады. Ол кезде жан-жағындағыларға инфекция таратпас үшін киеді. Ал өзінің палатасында маска тақпай отырады, деп толықтырды дәрігер.

Ал науқас ауруханаға түскен кезде ең алдымен пальпация, перкуссия, сатурация өлшенеді. Тамырдың соғысы, дене қызуы өлшенеді, шағымы сұралады. Соған байланысты ем-шара тағайындалады.

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

"Шамамен, науқастардың 40%-інде дене қызуы көтерілсе, қалған жағдайда пневмония диагнозымен, ауыр тыныс жетіспеушілігімен түседі. Бұл бұған дейін айтылмаған атипті пневмония деп аталады. Себебі оларда дене қызуының көтерілуі, ентігу секілді пневмония белгілері жоқ", - дейді инфекционист.

Коронавирус "стандартты" ауру емес

Дәрігердің айтуынша, күн сайын реанимация бөліміндегі науқастардан бастап пациенттерді аралау басталады. Әрбір науқастың жағдайы жеке-жеке талқыланады. Әрбірі жеке түрде емделеді, себебі коронавирус инфекциясы стандартты ауру емес. Кейде адамның сізбен сөйлескенде дене қызуы көтерілмей отырса да, бір сағаттан кейін жағдайы күрт нашарлап, жасанды тыныс алу аппаратына қосылуды қажет етуі мүмкін.

Орта ауырлық жағдайда жатқан науқастардың жағдайы күніне үш рет бақыланады, ал жағдайы ауыр пациенттердің жағдайын әр үш сағат сайын біліп отырады.

Врачи нередко задерживаются на работе
© Sputnik / Тимур Батыршин
Дәрігерлер күн сайын жансақтау бөліміндегі науқастардан бастап пациенттерді аралайды

Аурухана дәрігерлері айына бір рет коронавирусқа тест тапсырады. Инфекционист өзінің әріптесінің қалай инфекция жұқтырып алғаны жайлы айтты.

"Біздің бір қызметкеріміз барлық талапты сақтағанына қарамастан, реанимацияға түсіп қалды. Ол ауру жұқтырып алу мүмкін жерде жұмыс істеген еді. Адами фактор болады, адам шаршайды. Солай қателік кетіп жатады, одан ешкім сақтандырылмаған", - деді Бақыт Утағанов.

Алайда ол ешкіммен байланыста болмаған, бірден инфекциялық ауруханаға жатқызылған.

"Әр дәрігердің арманы – аман-сау үйіне жету"

Инфекционист Бақыт Утағановты үйінде жары мен алты жастағы қызы күтіп отыр.

"Сағындым. Төрт айдан бері үйге барма, ауруханада жұмыс істеп жатырмыз. Олармен телефон арқылы хабарласып тұрамыз, алайда құшақтап, сағынышыңды басқанға ештеңе жетпейді. Әр дәрігер, әр қызметкердің арманы – аман-сау өз үйіне жету", - дейді ол.

Тұрғындар карантин шараларын сақтанған жоқ, соның нәтижесін көріп отырмыз. Ауруханаға түсетіндер саны артты, басым бөлігінің жағдайы ауыр, қайтыс болатындар да бар. Реанимация бөліміндегі мамандардың жұмысы 200%-ке артты. Күн өткен сайын жағдай қиындап жатыр. Аурухана қабырғасындағы әлем мүлде басқа, ол жерде оттегіге, дәрігер күтіміне зәру науқастар жатыр, деп әңгімеледі Утағанов.

Төрт айдан бері үйіне бармады

"Ауруханада қорғаныс киімі жеткілікті. Науқастардың барлығы ауыр жағдайда түсіп жатыр. Бала-шағамызды көрмегенімізге төрт ай болды. Модульді аурухана ашылған сәттен бастап осы жерде жұмыс істеп жатырмын. Әрине, үйімізге бармаймыз. Туыстарымызды аурудан қорғау үшін қонақүйде тұрып жатырмыз. Осының бәрі тезірек бітсе екен деп тілейміз, Қазақстан халқы барлық талапты орындаса, тезірек үйге қайта алар едік", - дейді аға медбике Сайраш Дікімова. 

© Sputnik / Тимур Батыршин Batyrshin Timur
Сайраш Дікімова – модульді жұқпалы аурулар ауруханасының аға медбикесі

Айтуынша, науқастардың ең қуанышты сәті – ауруханадан шыққан кезі. 

"Медициналық көмекпен қатар науқастардың бәріне моральдық, психологиялық тұрғыдан көмек беруге тырысамыз. Қазір бәріміз психолог болып алдық. Науқастарда "әрі қарай не болады, жазыламын ба, жоқ па" деген қорқыныш бар. Кей науқас үнемі жанында отыруды талап етеді. Оған әрине, мүмкіндік жоқ, сонда да науқастарға бар жағдайды жасауға тырысамыз", - дейді Дікімова. 

Ауруханада науқастар кей бөлмеде екі адамнан, кей палатада үш адамнан жатыр. Бір күнде түскен науқастар бірге жатқызылады. Біреуі шығып, екінші науқас қалатын болса, оны басқа палатаға ауыстырады. Әрі қарай палатаны босатып, жаңа науқастарға дайындайды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1161)

Тақырып бойынша

Ауруханада жатқан министр Біртанов желіде дәрігерлер туралы жазба жариялады
Денсаулық министрлігі желіде тарап кеткен ақпаратқа қатысты түсініктеме берді
Қазақстанның денсаулық сақтау вице-министрі ауысты
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
"Олар үшін мен ұялдым": елордалық медбике изолятордағы "өмір" туралы айтып берді
Кілт сөздер:
Алматы, аурухана, дәрігерлер, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып