Қоғам

Танымал қазақстандық әнші коронавирус жұқтырды

© Sputnik / Алексей Майшев / Медиабанкке өтуБольница
Больница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актриса ауырып қалғанын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, ол өзінің оқырмандарына үйде отыруға кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Қазақстандық әнші, актриса және продюсер Әсел Сәдуақасова коронавирус жұқтырды. 

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады. 

"Мен ауырып қалдым. Бәрі менің денім сау деп үміттеніп еді, бірақ айналаңдағы жақын адамдардың бәрі ауырып жатқанда бұл қиын екен. Сақ болыңыздар, мен секілді қаңғырмай, үйде отырыңыздар", - деп жазды актриса. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Assel Sadvakassova (@asselsadvakassova)

Айта кетсек, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 20 780 адамға жетті. Дерттен жазылғандар - 12 738 адам. 166 науқас коронавирустан көз жұмды. 

Жаңалықтар
0