18:07 13 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
677 0 0

Бұғы мүйізімен емдеу шаралары жаздың екі айына ғана байланғанына қынжылған шаруалар үкіметтен субсидия бөлінсе дейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Білген адамға маралдың мүйізінен бастап тұяғына дейін шипа екені белгілі, деп хабарлайды Хабар24 арнасы.

Түркістандық азамат Нұржан Оспанқұл Қатонқарағайдағы бұғы мүйізімен емдеу орталықтары туралы талай естіген. Енді, міне, биыл тәуекел деп осында келіпті. Күніне екі рет марал мүйізінің қанын ішіп, сорпасына түсіп, денсаулығын түзеп жатыр. Құрыс-тырысы жазылып, ауру-сырқауы азайғанын айтқан ол марал мүйізінің сорпасына күніне екі рет түсіп, өте керемет әсер алғанын айтады.

Қазір бұғы мүйізімен емдеу-сауықтыру орталықтарында қарбалас уақыт. Өйткені шаруалар қыс бойғы еңбектерінің жемісін енді көреді.

Короновирустың кесірінен шетелдік туристер легі тоқтады. Дегенмен, бұғы мүйізімен емдеу орталықтарында жұмыс жалғасып жатыр. Тіпті, ірі базаларда маусым-шілде айларында орын таппайсыз. Өйткені тек осы екі айда ғана марал мүйіздері кесіледі. Сондықтан осы кезең ем қабылдап, денсаулықты оңалтуға ең қолайлы сәт.

Шаруашылықтағы өз ісіне әбден машықтанған мамандар келушілерге марал мүйізін ұсынып, сорпаның дайындалу барысын да көрсетіп береді. Қанның құрамында адам ағзасына пайдалы 25 түрлі микроэлемент бар. Ал сорпасына түсу сүйек, буын ауруларына таптырмас ем.

"Жүрек қан-тамырлары, сүйек, тері ауруларына ем, жалпы иммунитетті көтеретін процедура болып табылады. Бір түсіп кеткен адамның денесі мен терісі жақсарып, организмінің инфекциялық ауруларға күресу қабілеті күшейеді", – дейді емдеу орталығының дәрігері Данияр Ерлан.

Ал шаруашылық өкілдері емдеу шаралары жаздың екі айына ғана байланып қалғанына қынжылады. Десек те, бұғы мүйізімен ем қабылдауды жыл бойы үздіксіз жүргізуге болады екен. Бірақ кәсіпкерлердің қолы қысқа. Мемлекеттен ешқандай қаржылай қолдау жоқ.

"Мерзімін ұзартып, қыста да кісілерді қабылдауға болады. Мысалы үшін жол қиын деп Қатонқарағайға жете алмаса, аудан орталығында ма, Өскеменде ме, қалада оны істеуге болады. Мүйізді уақытында кесіп қатырып, кейіннен жібітіп ішсе адамға қабылдауға болады", – дейді марал шаруашылығының жетекшісі Дамир Қалихан.

Ақиқатында 7 ай бойы мүйізді жануарлардың күйін кетірмей баптап өсіруге аз қаржы кетпейді. 30-40 шақырымға созылатын қоршауларды күзетудің өзі оңай емес. Оған жем-шөп, жол шығынын қосыңыз. Ал қорадағы жануарларды аракідік асылдандырып тұрмаса тағы болмайды.

Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында бұғы мүйізімен емдейтін емхана ашылды

Сондықтан шаруалар үкіметтен субсидия бөлінуін асыға күтуде.

Тақырып бойынша

1 маусымнан бастап курорттар мен шипажайлар ашылады
Астаналық оқушылар жазда қайда демалады – білім басқармасы жауап берді
Екінші маусымнан бастап Алакөлге пойыздар қатынайды
"Енді не істейміз?": Ақтөбелік емшінің жаға ұстатарлық қылмысы әшкере болды
Шетелде емделетіндер шекарада қандай құжат көрсетеді
Кілт сөздер:
бұғы мүйізі, Шығыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып