Қоғам

Коронавирустан тағы 5 науқас көз жұмды

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінге дейін республика бойынша 21 327 адам коронавирус індетін жұқтырса, 12 933 науқас жазылып шықты

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 5 науқас көз жұмып, қайтыс болғандар саны 178 адамға жетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

1939 жылы туған ер адам мен 1943, 1960 жылы дүниеге келген әйел адамдар Атырау облысында, 1949 жылы туған ер азамат Түркістан облысында және  Шығыс Қазақстан облысында 1963 жылы дүниеге келген ер адамның қайтыс болғаны анықталды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 61
  • Алматы қаласы – 26
  • Шымкент қаласы – 14
  • Ақмола облысы – 13
  • Ақтөбе облысы – 3
  • Алматы облысы – 1
  • Атырау облысы – 6
  • Шығыс Қазақстан облысы – 3
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 6
  • Қарағанды облысы – 13
  • Қостанай облысы – 3
  • Қызылорда облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 2
  • Павлодар облысы – 13
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2
  • Түркістан облысы – 9.

Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша 21 327 адам коронавирус індетін жұқтырса, 12 933 науқас жазылып шықты.

Жаңалықтар
0