Қоғам

Қазақстанда індетке шалдыққандар саны 21 мыңнан асты

© Sputnik / Тимур БатыршинВ инфекционном отделении лежат больные со средней формой коронавируса
В инфекционном отделении лежат больные со средней формой коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осы кезге дейін республика бойынша 21 327 адам індетке шалдықса, 12 933 науқас жазылып шықты. 178 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Өткен тәулік ішінде 547 адамның коронавирус жұқтырғаны расталса, 1 066 адам коронавирус белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

"Қазақстанда өткен тәулікте 547 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болып, өсім 2,6% құрады", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 56 (1,5%)
  • Алматы қаласы - 40 (1,1%)
  • Шымкент қаласы - 16 (1,0%)
  • Ақмола облысы - 23 (5,3%)
  • Ақтөбе облысы - 28 (3,7%)
  • Алматы облысы - 19 (2,9%)
  • Атырау облысы - 22 (1,4%)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 47 (7,2%)
  • Жамбыл облысы - 10 (1,5%)
  • Батыс Қазақстан облысы - 44 (3,3%)
  • Қарағанды облысы - 48 (2,3%)
  • Қостанай облысы - 8 (1,8%)
  • Қызылорда облысы - 8 (1,3%)
  • Маңғыстау облысы - 5 (1,1%)
  • Павлодар облысы - 44 (7,0%)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 19 (5,6%)
  • Түркістан облысы - 24 (3,1%).

Республика бойынша соңғы тәулікте коронавирус індетінің белгілері жоқ 1 066 тасымалдаушы тіркелді.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1455 (+65)
  • Алматы қаласы - 1537 (+14)
  • Шымкент қаласы - 1381 (+81)
  • Ақмола облысы - 596 (+56)
  • Ақтөбе облысы - 584 (+81)
  • Алматы облысы - 1193 (+63)
  • Атырау облысы - 2153 (+148)
  • Шығыс Қазақстан облысы - 586 (+41)
  • Жамбыл облысы - 618 (+70)
  • Батыс Қазақстан облысы - 1071 (+53)
  • Қарағанды облысы - 2239 (+127)
  • Қостанай облысы - 389 (+7)
  • Қызылорда облысы - 488 (+30)
  • Маңғыстау облысы - 543 (+41)
  • Павлодар облысы - 303 (+61)
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 715 (+99)
  • Түркістан облысы - 788 (+29).
Жаңалықтар
0