Қоғам

Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандар саны артты

© REUTERS / RITZAU SCANPIXКоронавирус жұқтырғандар жатқан ауруханадағы интенсивті терапия палатасы
Коронавирус жұқтырғандар жатқан ауруханадағы интенсивті терапия палатасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көз жұмған пациенттердің ең үлкені 78-де, ал ең жасы 53-те болған, республикада қауіпті вирустан барлығы 183 адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстанда індеттен тағы бес адам көз жұмды, деп хабарлайды вирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Батыс Қазақстан облысында 1952 жылғы әйел, Маңғыстау облысында 1942 жылғы әйел, Ақмола облысында 1967 жылғы ер адам, Шығыс Қазақстан облысында 1958 жылғы ер адам және Ақтөбе облысында 1962 жылғы әйел қайтыс болды.

"Коронавирус жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссия бұл адамдардың өліміне коронавирус инфекциясы себеп болды деген шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Коронавирусты неше күнде жеңуге болады – маман пікірі

Осылайша Қазақстанда COVID-19 инфекциясынан көз жұмғандар саны 183 адамға жетті.

Жалпы республикада барлығы 21 мыңнан астам адам індетке шалдықты, оның он екі мыңы дертінен айықты.

Жаңалықтар
0