12:51 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1099)
2481 0 0

Коронавирус індеті пневмония дертімен астасып, бүгінде республика бойынша дертке шалдыққандар саны артып келеді. Олардың қатарында ел назарында жүрген азаматтар да бар

АЛМАТЫ, 29 маусым – Sputnik. Қазақстандық әншілер мен қоғам белсенділері коронавирус инфекциясын жұқтырғанын хабарлады. Олардың арасында әнші Қарақат Әбілдина, Айқын Төлепберген, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек бар.

Олар бірнеше күннен бері ауырып жатқанын айтып, қазақстандықтарды денсаулығына мұқият болуға шақырды.

"Мына вирус мені де айналып өткен жоқ. Ешқайда шығып, ешкіммен кездеспеген едім, қайдан жұқты түсінбеймін. Негізі ауада бірдеңе бар-ау. Күнде жауын жауып, ауа райы да суып кетіп еді. Оның да әсері болды ма, білмеймін. Температура жоқ. Тамақтан басталып, мұрным бітеліп, кәдімгі тұмау сияқты, төбемнен әлсіздік басты. Денем біресе тоңып, біресе ысып бірінші күні мазам болмады", - деп жазды Әбілдина Instagram парақшасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ҚАРАҚАТ (@karakat_a)

Сонымен қатар әнші мұндай кезде байбаламға салынбай, жаман ойға берілмей, жақсы оймен ем қабылдау керек екенін жазды. Ал вирусты балаларға жұқтырып алмау үшін бөлек бөлмеде ем қабылдап, балаларға жақындамауға шақырды.

Ал айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек он күн бойы үйінде емделгенін, алайда ауруы асқынып кеткенін хабарлады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Muhamedjan Tazabek (@mukhamedzhan_tazabek)

"Оншақты күн үй жағдайында ем алып көріп едік, көнбеді. Екі өкпе бірдей қабынып, екі иықтан дем алып, есті шығарған сәттер күнәмізді төгіп, Құдай алдындағы дәрежемізге себеп болса екен... Қызу түспеді, қол-аяқ пен бұлшық еттің қақсағаны қоймады", - деп жазды ол.

Біреулер отбасымен ауырып, біреулер ана дүниеге аттанып та кетіп жатыр. Аз қазақты көбейте алмай жүргенде, бұл дерт те дегенін істемесе екен. Дұға-тілектер қабыл болып, ел мына жұқпалы дерттен тезірек бойын тазартса екен, деп толықтырды Тазабеков.

Әнші Айқын Төлепберген Instagram парақшасында коронавирусқа тест тапсырғанын жазды. Кейінірек оқырман сауалына инфекция жұқтырғанын растады. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

"Мына жаңа пневмония деген бәле маған да жетті. 2 күн температура көтеріліп жатып қалдым. Парацетамол іштім, дәрі іштім, капельница қойдым, ақыры қоймады. Амал жоқтан ауруханаға жатқызды", - деп жазды әнші.

Сонымен қатар ол аурухана қабырғасында жағдайын жасап жатқан дәрігерлерге алғыс айтты.

"Мені қайта аяққа тұрғызып, тәбетімді қайтарған барша медицина қызметкеріне алғысым шексіз. Шынында, осы жерде ғана олардың тынбай, науқастардың жанын сақтауда еңбек етіп жатқанын көресің. Сенбей жүргендерге айтарым, үйде отырыңыздар", - деп жазды ол.

Оқи отырыңыз: "Президентке қауіп төніп тұрған жоқ": Берік Уәли жайсыз жаңалық жариялады

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар саясаткерлермен қатар бизнесмен Қайрат Құдайберген, актриса Әсел Сәдуақасова коронавирус инфекциясын жұқтырды.

Бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 21 327 адамға жетті, 12 933 адам жазылып шықты, 178 адам көз жұмды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1099)

Тақырып бойынша

Алматы облысының әкімі коронавирус жұқтырды
"Бұл індет мені де айналып өтпеді": Түркістан әкімі коронавирус жұқтырды
Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырды
Назарбаев COVID-19 жұқтырды: Елбасының денсаулығына қатысты ақпарат шықты
Танымал қазақстандық әнші коронавирус жұқтырды
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып