20:02 16 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR468.66
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1201 0 0

Министрдің айтуынша, жаңа арнаның бірі ­– бай мәдени мұрамызды кеңінен насихаттаса, екіншісі – білім беру мен ағарту саласына басымдық береді

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстанда "Абай ТВ" және "Әл-Фараби" деп аталатын екі мемлекеттік арна ашылады. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, "Абай ТВ" телеарнасы "Qazaqstan" ТРК-сына кіреді және 30 маусымда ресми түрде жұмыс істей бастайды.

"Жаңа арна бай мәдени мұрамызға арналатын болады. Ал екінші тележоба – "Әл-Фараби" арнасы "Хабар" агенттігінің жанынан жаңа оқу жылына қарай ашылады", – деді Балаева бүгін онлайн форматта өткен халыққа есеп беру кездесуінде.

Оның сөзіне қарағанда, "Әл-Фараби" арнасының негізгі мақсаты – білім беру мен ағарту. Ал аудиториясы 6-18 жастағы балалар мен жасөспірімдер болады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мұғалімдер мен оқушыларға бөлек телеарна ашу ұсынылды

"Пандемия кезінде осындай арнаның қажеттілігі барынша сезілді", – деп атап көрсетті Балаева.

Тақырып бойынша

Сенат депутаты жаңа телеарна ашуды ұсынды
Алматыда телеарна қызметкерлері коронавирус жұқтырды: науқастардың жағдайы қалай
Қазақстанның жеті облысында телеарна мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады
Discovery сынды жаңа телеарна қазақша сөйлейді
Атырауда журналистер ұсталды - телеарна ресми мәлімдеме жасады
Кілт сөздер:
Әбу Насыр әл-Фараби, Абайдың 175 жылдығы, телеарна
Загрузка...

Басты тақырып