15:56 02 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD405.66
  • EUR454.70
  • RUB5.71
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
46 0 0

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде анонимді Telegram-арналарының нақты мекенжайы мен оған жауапты заңды тұлғаларды табу қиын

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева анонимді Telegram-арналарды бұғаттауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шынымен де, қазір ондай арналар көбейіп кеткен. Маған қатысты, я болмаса, менің әріптестеріме қатысты сын болса да, мен жаппай тыйым салу шараларын қолдамаймын. Алайда деструктивті ақпарат, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіретін ақпарат болса, мемлекет тарапынан заң бойынша қатаң шаралар қолға алынады", - деді Балаева бүгінгі онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде анонимді Telegram-арналарының нақты мекенжайы мен оған жауапты заңды тұлғаларды табу қиын. Дегенмен, ондай арналардың контенті ұлттық қауіпсіздікке нұқсат келтірсе, тиісті органдар шара қолданады.

Оқи отырыңыз: Денсаулық министрлігі желіде тарап кеткен ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Айта кетейік, бұрынғы министр Дәурен Абаев та Telegram мессенджерінің бұғатталмайтынын айтқан. Мессенджердің басшылығы да өз тарапынан Қазақстанда тыйым салынған топтарды бұғаттауға қарсы емес.

Тақырып бойынша

Америкалық отбасы асырап алған қазақ баласы 17 жылдан кейін туыстарын тапты
Әйелді ұруға болады деген университет оқытушысы жұмыстан қуылды
Жұртты дүрліктірген көкшетаулық жігіт туыстарымен байланысқа шықты
Қазақстанда есірткі жарнамалайтын 845 сайт анықталған
TikTok желісінде видео түсірген ауыл әкімі жазаланды
Кілт сөздер:
ақпарат алмасу, ақпарат және коммуникациялар министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып