19:09 16 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR468.66
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1221)
111 0 0

Жедел желі арқылы індетке қатысты кез-келген сұраққа жауап тауып, дәрігерлер кеңесін де осы жерден алуға болады

АЛМАТЫ, 29 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары үшін тәулік бойы жедел желі жұмыс істейтін болады. Бұл жайында қала әкімдігінің сайтында хабарланды.

Сонымен қатар коронавирус инфекциясына байланысты соңғы жаңалықтарды жедел тарату үшін жаңа сайт іске қосылды.

"Елорда әкімдігінің сайты covid19.astana.kz парақшасын іске қосты. Онда тұрғындар коронавирус инфекциясы туралы ресми мәліметтерді таба алады. Парақшадан COVID-19 жағдайымен, дүкендер мен басқа да сауда нысандарының, оқу орындарының, көліктің, діни мекемелердің (мешіттер мен шіркеулердің), мәдени және спорт мекемелерінің режимі мен жұмыс жағдайлары туралы жаңалықтарды табуға болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар парақша арқылы COVID-19 инфекциясына тестілеуден қайда өтуге болатынын білуге болады. Сондай-ақ, зертханалардың мекенжайы, оқшаулау режимінде өзін қалай ұстау керек екені, дәрігерлердің бақылауымен үйде емделу, дәріханада дәрі-дәрмектердің бар-жоғы туралы ақпарат табуға болады.

Коронавирус бойынша жедел желі тәулік бойы +7 (7172) 76-80-43; 1406; 109 нөмірі арқылы қызмет көрсетеді.

Ерікті болу үшін  +7 701 356-22-96 нөміріне хабарласуға болады.

Психологиялық қолдау қызметі +7 (7172) 20-10-90, +7 771 996-09-27, +7 702 172-61-39 нөмірлері арқылы көрсетіледі.

Қан плазмасына донор болу үшін +7 771 377-91-10 (тіркеу), +7 702 091-18-60 (тіркеу), +7 (7172) 54-32-38 (сенім телефоны) нөміріне хабарласу қажет.

Оқи отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус генетикалық жағынан өзгерді – маман пікірі

Сондай-ақ, жұмыссыз қалған тұрғындар +7 (7172) 57-88-88 нөміріне қоңырау шала алады.

Айта кетейік, бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласында 3 788 адамнан коронавирус инфекциясы табылды. 2 721 науқас емделіп шықты, 61 адам қайтыс болды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1221)

Тақырып бойынша

Қандай жағдайда тест теріс нәтиже көрсетсе де, коронавирус диагнозы қойылады?
Вице-министрдің коронавирус жұқтырғаны расталды
Коронавирус белгілері байқалмайтын науқастар не істеуі қажет – Надыров жауап берді
Танымал қазақстандық әнші коронавирус жұқтырды
Елімізде коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды
Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, эпидемия
Загрузка...

Басты тақырып