Қоғам

Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты ақпарат шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинВ госпитале работают шесть отделений. Войти туда можно только в защитных костюмах
В госпитале работают шесть отделений. Войти туда можно только в защитных костюмах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлағаны айтылып отыр. Оқиғаның себебіне қатысты тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы журналист, жазушы Қуандық Шамахайұлының қайтыс болуына қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"1960 жылы туған науқас Шамахай Қуандықты 23 маусымда жедел жәрдем қызметі COVID-19 деген күдікпен ауыр халде жеткізді. Осы уақыттан бастап ол 1-ші көпсалалы қалалық ауруханаға жатқызылды", - дейді мамандар. 

Дәрігерлер Қуандық Шамахайұлының диагнозын да қойған. Ол - ауыр дәрежедегі екіжақты полисегменталды пневмония. Ал емдеу шаралары клиникалық хаттама бойынша жүргізілген.

"Емдеу кезінде науқастың жағдайы бірнеше рет нашарлады. 29 маусымда жүрегі тоқтап қалды. Өлімнің себебіне қатысты тергеу жүргізілуде, нәтижесі туыстарына хабарланады", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 29 маусымда жазушы, журналист Қуандық Шамахайұлының қайтыс болғаны хабарланды. Марқұмның жұбайы Айша Тұрмағанбетова Sputnik Қазақстан тілшісіне жұбайының үнемі телефон арқылы хабарласып тұрғанын жеткізді. Дәрігерлер болса, денсаулығының жақсарып келе жатқанын айтқан. Бірақ бүгін түнде марқұм әйеліне дәрігерлер белгісіз дәрі бергенін жазып жіберген. Ол ауруханадағылар бір дәріні сынақтан өткізген болуы мүмкін деген болжамын бөлісті. Тұрмағамбетова прокуратураға арыз жазбақ. 

Оқи отырыңыз: Денсаулық cақтау басқармасы Қуандық Шамахайұлының қайтыс болғанын растады

 

Жаңалықтар
0