Қоғам

Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады

© Официальный сайт Президента КазахстанаПрезидент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Нацсовета общественного доверия
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев на заседании Нацсовета общественного доверия  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңестің отырысын өткізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен үш әкімге сөгіс жариялады.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде жазды.

"Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте өздеріне жүктелген міндеттерді шала орындаған бірқатар шенеуніктің жұмысын сынға алды", - деп жазды Уәли фейсбукте.

Президент жұмысына салғырт қарағаны үшін Шымкент әкімі Мұрат Әйтеновке, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалинге, Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовқа және премьер министрдің орынбасары, ведомствоаралық комиссияның төрағасы Ералы Тоғжановқа сөгіс жариялады.

Ал Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ескерту алды.

Сондай-ақ, президент Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескертті.

Тоқаев бұл мәселе барлық облыс басшыларына қатысты екенін айтты.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 маусым күні коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізетіні хабарланған болатын. Кеңесте мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ, экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланған.

Жаңалықтар
0