19:51 16 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR468.66
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1221)
186 0 0

Бұған дейін Қазақстанда тест тапшылығының туындауына ақылы ПТР-тестілеу тапсыратындар санының артуы себеп болғаны айтылған еді

АЛМАТЫ, 29 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Ұлттық сараптама орталығында коронавирусқа ақылы түрде ПТР тест жүргізу тоқтатылды.

"Қазақстан Республикасы бас санитар дәрігерінің 2020 жылдың 25 маусымдағы №43 қаулысы негізінде COVID-19 бойынша зертханалық тексеруді ақылы жүргізу тоқтатылды", - делінген ұлттық орталықтың сайтында.

Тегін тест тапсыру бойынша азаматтар емханаға жүгіне алады, делінген ұлттық орталықтың сайтында.

"Біз жеке тұлғаларды қабылдамаймыз, бұл жерде аурухана, емхана, медицина қызметкерлері мен әскерилер тест тапсырады", - деді орталықтың баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Sputnik денсаулық сақтау министрлігінен бас санитар дәрігердің 25 маусымдағы қаулысын түсіндіруін сұраған болатын.

Айта кетейік, 29 маусымда бірқатар жеке зертхана ақылы ПТР-тестілеу жүргізуді қайта бастады.
Соның бірі Алматыдағы Medical Partners Korea ПТР тест тапсыру мобильді зертханасы. "Нұрлы Тау" мобильді орталығында тест тапсыру қайта іске қосылды, сондай-ақ, "Халық Аренада" жаңа мобильді пункт іске қосылады. Олар таңғы тоғыздан 16.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді.

Тіркеу уақытша сол жерде жасалады, алайда болашақта онлайн тіркеу де іске қосылады. Төлем карта арқылы жасалады.

 

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1221)

Тақырып бойынша

Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады
"Ең жаманы – осы": Тоқаев коронавирусқа байланысты елдегі жағдай туралы айтты
Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты ақпарат шықты
Алматы облысында блок бекеттер қайта қойылатыны рас па – әкімдік жауап берді
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды
Загрузка...

Басты тақырып