14:30 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1102)
2765 0 0

Президент коронавирустың кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жайлы ақпараттандыру жұмысы нашар жүргізіліп жатқанын айтып, оған қатысты тәсілді түбегейлі өзгертуді тапсырды. 

Бұл туралы мемлекет басшысы коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп жазады баспасөз хатшысы Берік Уәли желіде. 

Президент вирустың кең таралуына байланысты тұрғындардан арыз-шағым көп түсіп жатқанын атап өтті. Айтуынша, www.coronavirus2020.kz сайтына қырық мыңға жуық сұрақ келген. Оның тек үштен біріне ғана жауап беріліпті. 

"Мұндай қарым-қатынастың нәтижесінде теріс әрі жалған ақпараттар өршіп тұр. Бұл біздің жұмысымызды одан сайын қиындатуда. Ақпараттық жұмыстарға қатысты тәсілді түбегейлі өзгерту керек. Телеарналардан, тікелей эфир арқылы дәрігерлерден кеңес алып, сұрақтарына жауап алатын күнделікті бағдарламаларды ұйымдастыруға неге болмайды?", - деді Тоқаев кеңесте. 

Мемлекет басшысы қазақстандықтарға коронавирустан емдеудің хаттамасы мен алгоритмін жеткізу керек деп санайды. Сонымен қатар, ол дәрі-дәрмектер мен оны пайдалану жөнінде түсініктеме беруді тапсырды. Президент коронавируспен күресте ақпаратты дер кезінде тарату маңызды рөл атқаратынын айтты. 

"Дер кезінде хабарлап, тиісті шаралар қабылдауға көп нәрсе байланысты. Бастапқы кезеңде бұл жұмыстар жақсы ұйымдастырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соңғы кезде бұл істі босаңсытып жіберді", - деді президент.

Сонымен қатар  осыдан үш ай бұрын құрылған республикалық коммуникация орталығының жұмысына сын айтты.

"Коронавирус бойынша үш ай бұрын арнайы құрылған республикалық коммуникациялық орталық қазіргі уақытта іс жүзінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бүгінде бірыңғай нақты ақпарат дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты шенеуніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы – осы", - деді Тоқаев.

Сондай-ақ, әкімдер мен министрлердің халықпен байланыс орнатуына көңілі толмайтынын жеткізді. 

"Олардың арыз-шағымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сондықтан тұрғындардың көпшілігі қайда барарын білмей, торығуда",- деді президент.

Бұған дейін кеңесте Тоқаевтың премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Шымкент әкіміне сөгіс жариялағаны хабарланған болатын. 

Тағы оқыңыз: Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдері, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі ескерту алды. 

29 маусым күні ел президенті коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізіп жатыр. Жиында мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шараларды жариялайды. Сондай-ақ, экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де қаралады деп жоспарланған. Жиынға үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары мен облыс әкімдері қатысуда.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1102)

Тақырып бойынша

Алматы облысында блок бекеттер қайта қойылатыны рас па – әкімдік жауап берді
Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты ақпарат шықты
"Аз қазақты көбейте алмай жүргенде...": бірнеше танымал тұлға ауырып қалды
Нұр-Сұлтанда коронавирусқа байланысты жедел желі іске қосылды
Белгілі тележүргізуші 87 жастағы анасының коронавирусты қалай жеңгенін айтты
Кілт сөздер:
шағым, қазақстандықтар, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып