15:05 12 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1161)
11502 0 0

Президент пандемиямен күреске қатысты барлық шешімді премьер-министр басқаратын мемлекеттік комиссияның аясында қабылдауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік комиссияға екі күн ішінде қатаң карантин енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеп енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Ақорда. 

Президент пандемиямен күреске қатысты барлық шешімді премьер-министр басқаратын мемлекеттік комиссияның аясында қабылдауды тапсырды. Мемлекеттік комиссия ресурстарды бөлуді орталықтан бақылауы тиіс. 

"Ағымдағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралар қабылдау мақсатында Мемлекеттік комиссияға екі күн ішінде осы жылдың наурыз-мамырындағыға ұқсас, қатаң карантин енгізуге қатысты ұсыныстар әзірлеп, маған енгізуді тапсырамын", - деді Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңесте.

Сонымен қатар, ол зертханалық зерттеулердің тиімділігін көтеруді, ПТР зертханалардың саны мен уақытын арттырып, реагенттер мен шығыс материалдарын үздіксіз жеткізу мәселесін шешуді тапсырды. 

"Азаматтардың зертхана маңындағы ұзын сонар кезекке, санитарлық нормалардың сақталмауына қатысты шағымдары орынды. Мұның бәрі вирустың жұғуына әкеп соғады. Сол себепті ПТР тесті тек онлайн немесе Call-орталық арқылы алдын ала жазылып өткізу қажет", - деді мемлекет басшысы. 

Тоқаев инфекция ошақтарында, әсіресе ауылды елді мекендерде мобильді зертхана ұйымдастыру және мобильді қызметтерді одан әрі дамытуға ақша бөлу өте маңызды екенін атап өтті.

29 маусым күні ел президенті коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөнінде кеңес өткізді. Жиында мемлекет басшысы қазіргі ахуалға баға беріп, азаматтардың денсаулығын сақтаудың сапасын арттыруға бағытталған шаралар жарияланды. Сондай-ақ, экономиканы қолдау және халықты әлеуметтік қорғау мәселесі де талқыланлы. Жиынға үкімет мүшелері, бірқатар ведомство басшылары мен облыс әкімдері қатысты.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1161)

Тақырып бойынша

"Ең жаманы – осы": Тоқаев коронавирусқа байланысты елдегі жағдай туралы айтты
Алматы облысында блок бекеттер қайта қойылатыны рас па – әкімдік жауап берді
Тоқаев бірнеше әкімге сөгіс жариялады
Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ақылы ПТР-тест жасауды тоқтатты
Қуандық Шамахайұлының өліміне қатысты ақпарат шықты
Кілт сөздер:
үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев, коронавирус, карантин, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып