Қоғам

Тағы бес адам коронавирустан көз жұмды

© REUTERS / YVES HERMANМедик надевает защитную маску в больнице с коронавирусом
Медик надевает защитную маску в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Індет салдарынан қайтыс болған үш науқас Батыс Қазақстан облысында тіркелді. Олардың арасында 1981 жылы туған азамат бар

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Қазақстанда коронавирус індетінен тағы 5 адам көз жұмып, қайтыс болғандардың саны 188-ге жетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

1969 жылы туған ер адам Шымкент қаласында, 1949 жылы дүниеге келген әйел Қарағанды облысында және 1938 туған әйел мен 1981, 1963 жылы туған ер адам Батыс Қазақстан облысында көз жұмды.

"Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады", - делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 61
  • Алматы қаласы – 26
  • Шымкент қаласы – 15
  • Ақмола облысы – 14
  • Ақтөбе облысы – 4
  • Алматы облысы – 1
  • Атырау облысы – 6
  • Шығыс Қазақстан облысы – 4
  • Жамбыл облысы – 1
  • Батыс Қазақстан облысы – 10
  • Қарағанды облысы – 14
  • Қостанай облысы – 3
  • Қызылорда облысы – 2
  • Маңғыстау облысы – 3
  • Павлодар облысы – 13
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 2
  • Түркістан облысы – 9.

Айта кетейік, республика бойынша 21 327 адам коронавирус жұқтырып, 13 008 науқас жазылып шықты.

Жаңалықтар
0