16:37 12 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR465.73
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1161)
982 0 0

Алты ай бұрын әлемде алғаш тіркелген індет жұқтырғандар саны бүгінде он миллионға жетіп, 500 мың адам қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Әлемнің кейбір елдерінде жағдайдың жақсарғанына қарамастан, COVID-19 пандемиясының таралуы үдей түсуде, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

"Кейбір елдер экономикалық қызметтерді іске қосып, әлеуметтік өмірге оралғаннан кейін жағдай ушығып кетті. Адамдардың көпшілігі әлі де вирус ошағында қалып отыр. Оның қайта өршу қаупі бар. Ең ауыры сол – жағдай әлі еңсерілген жоқ", – деген Гебрейесустың сөзін РИА Новости жариялады.

ДДҰ бас директоры 30 маусымда Қытайдан тараған пневмония сияқты белгісіз дерттің өршуі туралы алғашқы деректердің тіркелгеніне алты ай болғанын атап өтті.

"Осы алты ай ішінде әлемде індет жұқтырғандар саны он миллионға жетіп, 500 мың адам қайтыс болды", - деді ол.

Бұған дейін Тедрос Адханом Гебрейесус әлем пандемияның жаңа және қауіпті кезеңіне аяқ басқанын мәлімдеген. Оның пікірінше, көптеген адамдардың "үйде отырып шаршағанынан" вирус тез таралып, соңы қайғылы жағдайға ұласуда.

Оқи отырыңыз: Арзан әрі тиімді: ДДҰ короновирусты емдеудегі ғылыми серпіліс жайлы хабарлады

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында инфекцияның жедел таралуы аталған 11 елдің ішінде Қазақстан да бар.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1161)

Тақырып бойынша

ДДҰ коронавирусқа қарсы қолданылатын әдістің тиімсіз екенін айтты
ДДҰ коронавирусқа қарсы ресейлік тоғыз вакцинаға қатысты пікір білдірді
ДДҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын айтты
ДДҰ бетперде тағуға қатысты ұсынысын өзгертті
Әлемде коронавирустың рекордтық көрсеткіші күн сайын жаңаруда – ДДҰ
Кілт сөздер:
эпидемия, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Загрузка...

Басты тақырып