12:58 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
66 0 0

Министрдің айтуынша, қазір жоғары оқу орындарында ІТ мамандығы бойынша 51 мыңнан астам студент білім алады

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Осы жылдың қыркүйегінен бастап ғылыми дәрежесі жоқ ІТ мамандар жоғары оқу орындарында сабақ бере алады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қыркүйек айынан бастап бірнеше өзгеріс енгізгелі отырғанын айтқан министр, бұдан былай тек штатта ғана жұмыс істеу керек деген талап жойылғанын, соның нәтижесінде өндірістегі мамандарды тартуға мүмкіндік пайда болғанын атап өтті.

"Биыл ғылыми дәрежеге қатысты талаптар да жұмсартылды. Енді өндірісте жұмыс істеп, тәжірибе жинаған, білікті ІТ саласының мамандары университеттерде сабақ бере алады", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Айтуынша, қазір жоғары оқу орындарында ІТ мамандығы бойынша 51 мыңнан астам студент білім алады. Жыл сайын мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғаюда.

Оқи отырыңыз: "Кедей мемлекеттің кедей мұғалімімін" деген ұстаз кешірім сұрады – видео

Сонымен қатар, биыл жаңа оқу жылынан бастап цифрлық сала үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын жетекші колледждердің базасында 31 жаңа мамандық пен бағдарлама енгізіледі.

Тақырып бойынша

"Айлығым – мың доллар": астаналық ұстаз қалай жоғары жалақы алып отырғанын айтты
Қытайлық оқытушы студент Тоқаевтың қандай болғанын айтып берді - видео
Әлемдегі ең ежелгі мамандық белгілі болды – сіз ойлағаннан мүлдем басқа кәсіп
Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандық белгілі болды
Аймағамбетов: қазақстандық колледждерге 28 жаңа мамандық енгізіледі
Кілт сөздер:
білім беру, жаңа мамандық
Загрузка...

Басты тақырып