Қоғам

Денсаулық сақтау министрі өкпені тексертудің арзан жолын атады

© Sputnik / Елена БережнаяПрограмма позволяет распознавать патологию легких пациента без вмешательства врачей
Программа позволяет распознавать патологию легких пациента без вмешательства врачей - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде елімізде індет жұқтырғандарды емдеу үшін 348 медициналық ұйымда 26 мың төсек-орын дайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өкпеге компьютерлік томография жасатқысы келетіндердің көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр пневмонияны цифрлық рентген-аппарат арқылы да анықтауға болатынын айтты.

Елімізде өкпеге компьютерлік томография жасату үшін ұзын-сонар кезек байқалады. Бүгінде республикада 135 томограф жұмыс істейді.

"Пневмонияны цифрлық ренгтен-аппараттың көмегімен де анықтауға болады. Ол қолжетімді әрі бағасы да арзан. Диагностиканың бұл әдісі коронавирусты анықтау мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізіледі", - деді Цой онлайн брифингте.

Сонымен қатар, ол ауруханалардағы төсек-орын қорына да тоқталды.

Айтуынша, бүгінде еліміздегі стационарларда төсек-орынның 60%-ке жуығы бос емес, ал Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл көрсеткіш 90%-ке дейін жетеді.

Коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін 348 медициналық ұйымда 26 мың төсек-орын дайындалды.

"Тамыз айының соңына дейін стационарларда қосымша он мың төсек-орын ашу жоспарланып отыр. Олардың құрылымында жансақтау бөлімдері және жасанды тыныс алдырту аппараттары бар интенсивті терапия палаталары болады", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Министр қатаң карантин жайлы: жақын арада түпкілікті шешім қабылданады

Цойдың ақпаратынша, қазір республикадағы ауруханаларда 3 294 дана жасанды тыныс алдырту аппараты істеп тұр. Қосымша тағы бір мыңға жуық аппарат сатып алу жоспарланған.

Жаңалықтар
0