14:09 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
150 0 0

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары жаңа арнаны "ABAI" деп атаудың екі себебін атады

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Бүгін  астанадағы Қазмедиа орталығында "Qazaqstan" телерадиокешеніне кіретін ABAI TV арнасының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа арнаның ұраны – "ABAI TV арнасы – ақыл-ойдың айнасы". Оны барлық кабельдік және спутниктік теледидардан көруге болды. Жаңа арнада мәдени мұра жәдігерлері, салт-дәстүрлер мен төл туындылар, тұлғалар тарихы, Хәкім Абай шығармалары, отандық және әлемдік классика жауһарлары көрсетіледі, озық мәдениет кеңінен насихатталады.

Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаевтың айтуынша, ABAI TV "шенеуніктер арнасы" болмайды.

"Зиялы қауым өкілдерімен кездесіп жүргенде мәдениетіміз бен дәстүріміз туралы бір арна керек деп үнемі айтушы еді. Осы арнаны өздеріңізге ашып отырмыз. Бұл шенеуніктердің арнасы емес, сіздердің арналарыңыз болады. Сондықтан жаңа арнаның жұмысына атсалысуға шақырамын", – деді Абаев бүгінгі салтанатты жиында.

Бұдан бөлек, президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары жаңа арнаны "ABAI" деп атаудың нақты екі себебін атады.

"Жаңа арнаның "ABAI" деп аталуы тегін емес. Біріншіден, мәдени-ағарту бағытындағы жалғыз телеарнаға ұлт руханиятының темірқазығы – Абайдың атын беру өте орынды. Өйткені ұлы ақынның өнегелі жолы әлі талай ғасырға жалғасатын болады. Екіншіден, жаңа телеарна төл мәдениетіміз бен дәстүрімізді насихаттауды мақсат етіп отыр", – деп атап көрсетті Абаев.

Осы орайда жазушы Сұлтан Оразалин да өз құттықтауын жеткізді. Оның айтуынша, қазіргі қиын жағдайға қарамастан халықтың көңілін көтеретін жаңа телеарнаның ашылуы – орынды іс.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мұғалімдер мен оқушыларға бөлек телеарна ашу ұсынылды

"Абайдың аты өте ардақты. Сондықтан осы арнаны басқаратын және сонда істейтін қыз-жігіттердің мойынына өте ауыр жүк артылады. Сіздер Абай атын алғаннан кейін Абай атамыздың әділдігін, Абай атамыздың ойын, ғажайып жырларына тән әдемі нәзіктік пен сұлулықты, оның әндеріндегі ғажайып мелодиялардың бәрін сол биіктен көрсете білуілеріңіз керек. Соған тілектеспін!", – деді Оразалин.

Тақырып бойынша

Алматыда телеарна қызметкерлері коронавирус жұқтырды: науқастардың жағдайы қалай
"Ел арна" мен "Балапан" телеарналарында оқушылар үшін сабақ өтеді
"Бірінші арна" операторы Димашқа тіл тигізбеген болып шықты
Атырауда журналистер ұсталды - телеарна ресми мәлімдеме жасады
Қазақстанда екі телеарна ашылады
Кілт сөздер:
Абайдың 175 жылдығы, телеарна
Загрузка...

Басты тақырып