19:02 16 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR468.66
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
15816 0 0

Елбасының келіні Шамалған ауылының маңындағы Шұбарат зиратына жерленді. Зиратқа карантинге байланысты ешкімді кіргізбеген

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым – Sputnik. Елбасының туған бауыры Болат Назарбаевтың әйелі Гүлжан Назарбаева қайтыс болды. Суыт хабарды Sputnik Қазақстан тілшісіне Айша қоғамдық қорының директоры Айша Оразбай растады. 

"Гүлжан кеше қайтыс болды. Бүгін жерледі. Ол кісінің бұрыннан жүрегі ауырады екен, содан қайтыс болды, басқа ауру емес", - деді Айша Оразбай Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Айтуынша, Елбасының келіні Шамалған ауылының маңындағы Шұбарат зиратына жерленген. 

"Шұбаратқа жерледі. Ол жерде тұңғыш президенттің әке-шешесі жатыр. Бірақ, карантинге байланысты ешкімді кіргізбеді", - деді ол.

Болат Назарбаев Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі. Қазір жасы 67-де. Ашық деректерге сүйенсек, Елбасының бауыры "Салиқалы Ұрпақ" қоғамдық қорының негізін қалаушы, BN Invest холдингінің жетекшісі. Бірнеше рет үйленген.

Тақырып бойынша

Болат Назарбаевтың ұлы басшылық қызметке тағайындалды
Көп жыл Назарбаевтың ұшағын басқарған пилот Елбасы туралы айтып берді
Назарбаевтың денсаулығына қатысты ақпарат шықты
Назарбаевтың қорынан тағы кімдерге 50 мың теңгеден берілетіні белгілі болды
Абаев Назарбаевтың қатты сынға алынған шешімі туралы айтты
Кілт сөздер:
келін, Назарбаев
Загрузка...

Басты тақырып