Қоғам

Ресей коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға мамандар жібереді

© Sputnik / Тимур БатыршинМногие врачи не видели свои семьи уже 4 месяца, тем не менее они не унывают и верят в лучшее
Многие врачи не видели свои семьи уже 4 месяца, тем не менее они не унывают и верят в лучшее - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті

АЛМАТЫ, 30 маусым – Sputnik. Ресей коронавируспен күресуге көмектесу үшін Қазақстанға мамандар жібереді. Бұл жайында Қазақстан премьер-министінің ресми сайты хабарлады.

Үкімет басшылары әңгіме барысында CОVID-19-дың таралуына қарсы күрестегі бірлескен шараларға ерекше көңіл бөлген.

"Ресей тарапы Қазақстанға дәрі-дәрмек және шығын материалдарымен бірге тест жүйелері түрінде гуманитарлық көмек көрсетуге, сонымен қатар жұқпалы аурулар госпитальдары мен вирусологиялық зертханаларды ашу бойынша мамандарды Қазақстанға жіберуге дайын екенін білдірді", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар қос тарап сауда-экономикалық және көлік салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ ЕАЭО аясындағы өнеркәсіптік кооперация мен өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны 21 327 адамға жетті, 13 008 адам жазылып шықты, 188 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0