Қоғам

Қазақстанда туған танымал актер өмірден озды

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуТеатральная сцена, занавес, иллюстративное фото
Театральная сцена, занавес, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген Виктор Проскуриннің әкесі этникалық қазақ

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Танымал кеңестік және ресейлік киноактер Виктор Проскурин 68 жасында қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның жұбайы Ирина Хонда әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"30.06.2020 Витюша, Виктор Алексеевич Проскурин көз жұмды. Менің – жан жарым. Менің – досым. Не айтарымды білмей, есеңгіреп тұрмын. Күтпеген жағдай, ойламаған жерде келген қаза. Бақұл бол, менің қымбатым... Жатқан жерің жайлы болсын... Сені жақсы көремін! Құрметтеймін. Сені ешқашан ұмытпаймын! Рахмет саған. Сенің Хондаң", - деп жазды актердің жұбайы өзінің Facebook парақшасында.

Киноактердің неден қайтыс болғаны жазылмаған.

Виктор Проскурин туралы не білеміз

Ол 1952 жылы 8 ақпанда Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген. Әкесі – этникалық қазақ. Артынан ата-анасы ұлымен бірге Мәскеу қаласына көшіп барған. 

Виктор Проскурин актерлік шеберлікке бала кезінен бастап қызықты. Мектепте оқып жүргенде әдебиет үйірмесіне жазылып, артынан Пионерлер үйіндегі театр студиясына барды. Сол жерде оны Горький атындағы киностудия режиссерінің кеңесшісі байқап, "Орлята Чапая" фильмінде ойнауға шақырды.

© RIA NovostiВиктор Проскурин Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген
Қазақстанда туған танымал актер өмірден озды - Sputnik Қазақстан
Виктор Проскурин Ақмола облысының Атбасар қаласында дүниеге келген

Мектептен кейін Виктор Проскурин театр өнері бойынша бірнеше жоғары оқу орнына түсіп көрді. Бірақ өтпей қалды. Төртінші рет тапсырғанда тағы ұпайы жетпеді, алайда қосымша қабылдау ашылған соң, Щукин училищесіне түскен.  

Виктор Проскурин әр жылдары Таганкадағы театрда, Мәскеудегі Ленин комсомолы театрында және Ермолова атындағы театрда ойнаған. Ал  "Большая перемена" фильміндегі Гена Ляпишевтің рөлі мен "Выйти замуж за капитана" фильміндегі КСРО МҚК шекара әскерінің капитаны образы арқылы халық арасында кеңінен танылды.

Оқи отырыңыз: "Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз

Сондай-ақ, "Пиковая дамадағы" – Герман, "Жестокий романс" фильміндегі – көпес Вожеватов және тағы басқа туындылармен есте қалды.

Жаңалықтар
0