Қоғам

Белгілі дін қайраткері Әбдіғаппар Сманов қайтыс болды

© Photo : www.muftyat.kzӘбдіғаппар Сманов
Әбдіғаппар Сманов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарыағаш медресе колледжінің директоры Әбдіғаппар Сманов 1 шілдеде таңғы сағат жетілерде өмірден озды

АЛМАТЫ, 1 шілде – Sputnik. Сарыағаш медресе колледжінің директоры, белгілі ұстаз Әбдіғаппар Сманов қайтыс болды. Бұл жайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Сарыағаш медресе колледжінің директоры Әбдіғаппар Сманов 2020 жылдың 1 шілдесінде таңғы сағат 07:45-те қайтыс болды", - делінген ақпаратта.

Оған артериялық қысым, гипертониялық дағдарыс, қант диабеті, пневмония диагнозы қойылған.

"Сманов "Салма Караван" шипажайында ем алып жатқан. Лай қойдырып, аяғын күйдіріп алған. Ауруханаға ауыр халде түскен. Рентгенге түсіргенде пневмония анықталған", - деп нақтылады ҚМДБ.

"Әбдіғаппар Шәкірұлы қазақ топырағындағы ислам дінінің гүлденуі жолында елеулі еңбек атқарды. ҚМДБ-ның республикалық ақпараттық насихат тобы құрамында еліміздің бірқатар аймағында болып, жұртшылықпен жүздесіп, асыл дініміздің насихатшысына айналды", - делінген діни басқарманың ресми сайтында.

Әбдіғаппар Сманов жайлы не білеміз?

Әбдіғаппар Сманов 1970 жылы 22 ақпанда Түркістан облысының Сарыағаш ауданында дүниеге келген.

1990-1994 жылдары Бекабад қаласындағы "Мағрифат" медресесінде (Өзбекстан) діни білім алды.

1994 жылдан бастап "Таяқты Ешан" мешітінің бас имамы болды және мешіт жанындағы "Убай ибн Кааб" медресесінде ұстаздықты қатар алып жүрді.

2010-2016 жылдары Сарыағаш медресе-колледжі директорының орынбасары, 2016 жылдың желтоқсанынан бастап медресе-колледждің директоры қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0