18:59 16 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD412.55
  • EUR468.66
  • RUB5.79
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3259 0 0

Құжат қабылдау 25 шілде мен 1 тамыз аралығында жүргізіледі, ұлттық бірыңғай тестілеудің өзі 17-20 тамыз күндері өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Биыл 17-20 тамыз аралығында тағы бір ұлттық бірыңғай тестілеу өтеді. Емтиханға наурыз айындағы ақылы ҰБТ-тіркелгендер мен маусымдағы тестілеуден сүрінгендер қатыса алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

Коронавирус пандемиясына байланысты биыл наурыз айында ақылы ҰБТ өтпей қалды. Көктемгі тестілеуге тіркелгендер тамыз айында тесті тегін тапсыра алады.

Бұдан бөлек, маусым айындағы ҰБТ-да нәтижесі жойылған немесе оған қатыса алмаған түлектерге тест тапсыру мүмкіндігі беріледі. Олар үшін де емтихан тегін.

"Құжат қабылдау 2020 жылдың 25 шілдесі мен 1 тамызы аралығында жүргізіледі. ҰБТ 17-20 тамыз күндері өтеді", - делінген ұлттық тестілеу орталығының желідегі ресми парақшасында.

Жоғары оқу орнына құжат тапсыру 25 тамызға дейін жалғасады, сол себепті үлгермей қаламын деп алаңдауға еш негіз жоқ.

Тағы оқыңыз: ҰБТ-2020: 138 балл жинаған ауыл баласы тестті қалай тапсырғанын айтты

"Жаңадан өтініш берудің қажеті жоқ. Жеке кабинетке кіріп, өзгеріс енгізсеңіз болғаны: қай қалада және қандай тілде тест тапсыратыныңызды көрсету қажет. Бұл функция 7 шілдеден қолжетімді болады", - деді орталықтан.

Карантин жағдайындағы ҰБТ

Қазақстанда ұлттық бірыңғай тестілеу 21 маусымда басталды. Сынақ 5 шілдеге дейін жалғасады.

Коронавирус пандемиясына байланысты түлектер аудиторияға кірмес бұрын дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтеді:

  • дезинфекциялық тоннельден өту;
  • арнайы дезинфекцияланған кілемшеде аяқ киімді зарарсыздандыру;
  • дене қызуын өлшеу;
  • қолды антисептикпен өңдеу; 
  • медициналық маска беру.

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде түлектер арасында кемінде екі метр ара қашықтық сақталады. Әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, өңделеді. Аудиториялар тек 35%-ға дейін толтырылады, әрқайсысында шамамен 10-18 адамнан.

Биыл республика бойынша 131 755 адам ҰБТ тапсыруға ниет білдірген, оның 111 109-ы немесе 82% – осы оқу жылының түлектері.

Тақырып бойынша

ҰБТ нәтижесі жойылған талапкерлерге қатысты жағымды жаңалық жарияланды
Қазақстанда ҰБТ басталды
ҰБТ-ның үшінші күні: ұпай бойынша ауыл баласынан әлі ешкім асқан жоқ
Қазақстанның екі облысында ҰБТ өтпей қалды
Кілт сөздер:
тамыз, ҰБТ
Загрузка...

Басты тақырып