13:44 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1101)
120 0 0

Халық ақыны тест үшін ғана емес, ПТР тестілеу қызметі үшін төлейді. Оның ішіне осы қызметті көрсетуге қажетті шығыс материалдары да кіреді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова полимеразалық тізбек реакциясымен жасалатын COVID-19 тестінің бағасын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкіметтің 1,2 миллион ПТР-тестті сатып алуға 1 миллиард теңгеге жуық қаржыны бөліп отырғанын мәлімдеген болатын. Осыдан кейін әлеуметтік желіде осы мәселеге қатысты қызу талқылау басталды. Себебі бір миллиард теңгені 1,2 миллион тестке бөлсе, бір тесттің өз бағасы 833 теңге болып шығады. Ал зертханаларда бір ПТР-тест үшін 11-20 мың теңге сұрайды.   

Оның айтуынша, халық ПТР-тест үшін емес, ПТР тестілеу қызметі үшін төлейді. Соның ішінде тесттің өзі ғана емес, осы қызметті көрсетуге қажетті шығыс материалдары да кіреді. 40-қа жуық зертханалық өнім бар.

"Олар – ұштықтар, сынама алуға арналған зондтар, шыны түтіктер, қорғаныс құралдары және тағы басқа заттар", - деді Бюрабекова бүгінгі онлайн брифингте.

Сонымен қатар, тестілеу қызметінің бағасына зертахана қызметкерлерінің жалақысы да кіреді.

"Былайша айтқанда, қызметтің бағасы кешенді түрде белгіленеді. Сол себепті құны сондай. Мәселен, қазір ұлттық сараптама орталығының зертханаларында да ПТР-тестің бағасы 10,5 мың теңгені құрайды", - деп атап көрсетті Бюрабекова.

Оқи отырыңыз: Ұлттық сараптама орталығы коронавирусқа ақылы ПТР-тест жасауды тоқтатты

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1101)

Тақырып бойынша

Тәулігіне мың адамнан анализ алады: Алматыда зертханалар қуаттылығы артады
Есмағамбетова жаппай тест тапсырудың тиімсіз тұсын атады
"Қазақстандықтардан басқа ешкім жоқ": Түркия шекараны ашты
Коронавирус белгілері байқалмайтын науқастар не істеуі қажет – Надыров жауап берді
"Күрт нашарлайды": алматылық дәрігерлер ауруханадағы жағдайды айтып берді
Кілт сөздер:
медицина, тест
Загрузка...

Басты тақырып