Қоғам

Вице-премьер Тоғжанов коронавирустан емделіп шықты

© Photo : ortcom.kzЕралы Тоғжанов
Ералы Тоғжанов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан он күн емделді, соңғы тапсырған тесті теріс нәтиже көрсеткен

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстан үкіметі басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

18 маусымда вице-премьердің коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Тоғжановта ауру белгілері байқалмаған.

"Ералы Лұқпанұлының он күн емделгеннен кейін тапсырған тесті теріс нәтиже көрсетті. Ол жұмысына кірісті", - деп мәлімдеді үкіметтің баспасөз қызметінің жетекшісі Зарина Нұрланова.

Президенттен сөгіс алды

29 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі кеңес өткізген болатын.

Осы жиында мемлекет басшысы жұмысына салғырт қарағаны үшін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов пен бірнеше әкімге сөгіс жариялады. Тағы үш әкім ескерту алды.

Ералы Тоғжанов – коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы.

Билікте тағы кім вирус жұқтырды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та коронавирус жұқтырды. Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай оның денсаулығына алаңдауға еш негіз жоқ деген болатын. Айтуынша, Назарбаев өзін оқшаулаған, жағдайы жақсы.

Тағы оқыңыз: Қатаң карантин қайта оралуы мүмкін: Тоқаев үкіметке екі күн уақыт берді 

Бұдан бөлек, індетке шалдыққандар арасында мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, депутат Бекболат Тілеухан, бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов, Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов, Теміртау әкімі Ғалым Әшімов, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов және Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров бар.

Бүгінде олардың дені қашықтан жұмыс істеп жатыр, кейбірі емделіп шықты.

Жаңалықтар
0