13:02 08 Шілде 2020
Тікелей эфир
  • USD409.19
  • EUR461.24
  • RUB5.67
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3367 0 0

Ертең ведомствоаралық комиссияның отырысы өтеді. Жиыннан кейін денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстан үкіметі 5 шілдеден бастап карантин жариялау туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. 

"Үкімет 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин жариялау туралы (ол ұзартылуы да мүмкін) жоспарын ұсынды. Ертең ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін денсаулық сақтау министрі түсініктеме береді", - деп жазды президент Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда COVID-19 таралуын тоқтатуға байланысты 3 сценарий ұсынған болатын.

Ведомство басшысы айтқан үш жолдың бірі - барша ел бойынша екі аптаға қатаң карантин жариялау. Ол көктемдегідей карантин енгізілсе, елде тәулігіне ауруханаға жатқызылуы тиіс жеті мың науқас болатынын алға тартты. Министрдің айтуынша, тамыз айының соңында ауруханаларда 80 мың орын қажет болады. 

Тақырып бойынша

Қазақстанға қатаң карантин керек пе – сарапшылар пікірі 
Қатаң карантин қайта оралуы мүмкін: Тоқаев үкіметке екі күн уақыт берді 
Министр қатаң карантин жайлы: жақын арада түпкілікті шешім қабылданады
Азық-түлік сатып алыңыздар: Нұр-Сұлтан қатаң карантинге оралады
Астана тұрғындары қатаң карантин енгізуге қатысты не ойлайтынын айтты - видео
Кілт сөздер:
жоспар, карантин, үкімет, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып