Қоғам

Тоқаев Назарбаев туралы жазды

© AP Photo Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алғашқы кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың мол білімі мен батыл ойларына қатты риза болған

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен қалай танысқанын айтып берді. 

Мемлекет басшысы Елбасымен 35 жыл бұрын Қытайда танысқан.

"Нұрсұлтан Әбішұлы 1985 жылдың қыркүйегінде Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы кезінде Қытайға келген еді. Ол кезде елшілікте жұмыс істейтінмін. Сонда үкімет басшысының қытайлықтармен келіссөздер барысында байқалған мол біліміне, тоталитаризм тұсында қалыптасқан жайлар жөніндегі батыл ойларына, сөзінің жүйелілігіне бәріміз қатты разы болғанбыз", - деп еске алды ол.

Дәл сол сәтте Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың саясаттағы болашағы зор екенін түсінген.

"Елшілік қызметкерлерімен бас-аяғы екі жарым сағатқа созылған бейресми әңгімеден кейін бас қосқанымызда мен әріптестеріме қарап: "Тегінде, біз Қазақстанның болашақ басшысымен сөйлескен шығармыз" дедім. Арада бес жыл өткенде Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің басшылығына келді", -деді Қазақстанның екінші президенті.

Тағы оқыңыз: Назарбаев COVID-19 жұқтырды: Елбасының денсаулығына қатысты ақпарат шықты

Тұңғыш президенттің тәуелсіздік таңындағы алғашқы кадрлық шешімдерінің бірі Тоқаевтың тағдырын айқындап берген. Бұл туралы мемлекет басшысы "Беласу" атты кітабында да жазады.

"Бұл үлкен жүректі адам менің қабілетіме сенді, сенді де оны өзім туып-өскен Қазақстан игілігі үшін аямай жұмсауыма жол ашты" деп жазған болатынмын. Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары болған жылдарымда әлемге әйгілі саясаткерлердің Нұрсұлтан Назарбаевқа биік баға берген сөздерін талай естідім. Халқымыз үшін мерейлендім", - деді Тоқаев.

Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan республикалық газетіне жариялаған "Тарихи тұлға тағылымы" атты мақаласында Қазақстанның Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қол жеткізген жетістіктері жайлы баяндайды.

Жаңалықтар
0