17:27 10 Тамыз 2020
Тікелей эфир
  • USD418.17
  • EUR494.07
  • RUB5.68
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
5220 0 0

Карантин кезінде кімдер жұмыс істей алады, мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы төлене ме, блокбекеттер қайта орнатыла ма – осы және өзге де сұрақтарға ведомствоаралық комиссия жауап береді

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов пен денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоаралық комиссияның отырысынан кейін елде карантин енгізу жоспары туралы айтады.

Үкімет мүшелері президент жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде сағат 15:00-де мәлімдеме жасайды деп жоспарлануда.

Баспасөз мәслихатын YouTube және Facebook желісінен онлайн көруге болады.

Мәлімдемеден кейін спикерлер сұрақтарға жауап береді.

Жуырда ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет 5 шілдеден бастап он төрт күнге (ұзартылуы мүмкін) карантин жариялау жоспарын ұсынғанын айтқан еді.

Үш сценарий

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша алдағы жағдайдың дамуына байланысты үш сценарий ұсынды:

Біріншісі – карантин жарияламау. Онда тамыздың аяғында күн сайын КВИ жұқтырған 27 мың адам тіркелетін болады. Олардың барлығын ауруханаға жатқызуға тура келеді. Сонда 300 мың инфекциялық және провизорлық орын қажет болады.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді

Екіншісі – екі апталық қатаң карантин. Оны көктемдегідей республика бойынша енгізу керек. Сонда күн сайын 7 мың науқас тіркеледі. Ал тамыздың соңында ауруханаларда 80 мың орын жасақтау қажет.

Үшінші сценарий – төрт апталық жалпыреспубликалық карантин. Соның нәтижесінде тамыздың аяғына қарай күн сайын 2 500 адамды ауруханаға жатқызады. Ал республика бойынша 30 мың орын қажет болады.

Кілт сөздер:
үкімет, карантин, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып