Қоғам

Қазақстанда қалааралық автобустар қайта тоқтайды

© Sputnik / Тимур Батыршин Обстановка на алматинских автовокзалах в связи с ситуацией по коронавирусу
 Обстановка на алматинских автовокзалах в связи с ситуацией по коронавирусу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде Қазақстанда 313 қалааралық маршрут бойынша 88 тасымалдаушы 610 автобуспен жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. 5 шілдеден бастап өңірлер арасында жолаушылар автобусы қатынамайды. Мемлекеттік комиссия екі аптаға созылатын қатаң карантин шараларын бекітті.

Екі апталық шектеу шаралары кезінде халықаралық әуе қатынасы сақталады, бірақ елдер тізімі бұдан әрі толықтырылмайды.

Өңірлер арасында ұшақ пен пойыздар қатынай береді, алайда бірқатар шектеу бар.

"Өңірлер арасындағы жолаушылар автобусы қатынасы уақытша тоқтатылады. Қоғамдық көліктің жұмыс уақыты шектелді", – деп мәлімдеді премьер-министрдің баспасөз қызметінен.

Қазақстанда қалааралық автобус тасымалы 5 маусымда жанданған болатын. Жолаушылар салонға тек маскамен кіргізіледі, ал ең соңғы аялдамада көлікке дезинфекция жасалады.

Бұдан бөлек, автопарк қызметкерлері екі аптада бір рет коронавирусқа тест тапсыруға міндеттелді.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда барлығы 313 қалааралық маршрут бар, 88 тасымалдаушы 610 автобуспен жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырған жолаушыны Шымкентке жеткізген автобус туралы не білеміз

Айта кетейік, Қазақстанда 5 шілдеден бастап екі аптаға жаңа карантин енгізіледі. Шектеу шаралары ұзартылуы немесе қатаңдатылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0