Қоғам

Маңғыстауда мектеп оқушысы жасанды тыныс алдыру аппаратын құрастырды

© Sputnik / Кирилл Шипицин / Медиабанкке өтуВрач держит в руках маску для искусственной вентиляции легких в палате госпиталя
Врач держит в руках маску для искусственной вентиляции легких в палате госпиталя - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қолдан жасалған аппарат қарт адамның сырқатын жеңілдетуге септігін тигізгенімен, науқас көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Маңғыстауда сегізінші сынып оқушысы Ислам Жалғасбай атасына көмектесу үшін жасанды тыныс алдыру аппаратын құрастырды.

Оның 67 жастағы атасына дәрігерлер екі жақты пневмония диагнозын қойған.

Сонымен қатар, дәрігерлер туыстарына пациентті үйлеріне алып кетуге кеңес берген. Ал қарт адамның жасына байланысты мұндай болжам ешкімнің де  көңілін көншітпейтіні белгілі, деп жазады облыстық "инАктау" басылымы. 

"Біз үйге алып келгенде атамның жағдайы өте ауыр еді. Солай болса да қол қусырып, қарап отырмаймыз деп шештік. Ағамның ұлы Ислам YouTube каналынан көргені бойынша жасанды тыныс алдыру аппаратын өз қолымен құрастырып шықты", – дейді Рахат Тұрғанов.

Қолдан жасалған аппарат қарт адамның сырқатын жеңілдетуге септігін тигізген. Алайда, науқас көз жұмған. 

"Ислам жасаған аппаратпен атамыз бірнеше күн өмір сүрді. Бірақ, өкінішке орай, біз атамыздан айрылып қалдық. Қолымыздан келгеннің бәрін жасадық", – деп толықтырды Тұрғанов.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда 32 жастағы ер адамның коронавирустан қалай көз жұмғаны белгілі болды

Айта кетейік, бүгінде Маңғыстау өңірінде пневмония өршіп тұр. Коронавирус пандемиясы басталғаннан бері өңірде 74 адам қайтыс болды. Ал денсаулық сақтау министрлігінің статистикалық мәліметі бойынша, аймақта COVID-19 диагнозымен көз жұмған науқастардың саны – 3,БАҚ мәліметі бойынша – 7.

Жаңалықтар
0