Қоғам

Нұр-Сұлтанда көліктің төбесіне адам отырғызып тасыған жүргізуші жазаланды – видео

Жазылу
Жастардың мұндай әрекетін түсіріп, жариялағаны үшін видео авторына желі қолданушылары наразылық білдірген

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Нұр-Сұлтан полициясы төбесіне екі адамды отырғызып, қозғалысқа түскен көлік жүргізушісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Әлеуметтік желілерде Honda CRV автокөлігінің жүргізушісі жолдастарын көлігінің төбесіне отырғызып тасымалдаған видеосы жарияланды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от NUR-SULTAN| ASTANA АСТАНА (@vastane.kz)

Видеоға түсірген автордың көрсетуі бойынша полицейлер тексеру жұмыстарын жүргізіп, оқиғаның Нұр-Сұлтан қаласы Бейбітшілік көшесіндегі №18 үйдің ауласында болғанын нақтылады.

Алайда, Instagram қолданушыларының басым бөлігі видео авторын жастарға наразылық білдіргені үшін айыптағанымен, полицейлер жүргізушіні тауып, жауапкершілікке тартты.

"Аталған факті бойынша автокөлік иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің екі бабы: 593-бап (көлік құралының салонынан тыс жерде жолаушыларды тасымалдау) және 612-бап (автокөлік сақтандыруының болмауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушіге 10 АЕК (27 780 теңге) айыппұл салынды", – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді

Жаңалықтар
0